6 қазанда «IQostanay» Оқушылар сарайында Қостанай қаласының әкімі М.К. Жүндубаевтың қатысуымен Мұғалімдер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Кәсіби шеберлігі, еңбегі мен білім саласының дамуына қосқан үлесі үшін үздік педагогтерге лайықты марапаттар табысталды.
Мерекелік көңіл-күйді шығармашылық ұжымдардың өнері толықтырды. Қазақ халық аспаптары, саксофон және жетіген ансамбльдерінің орындауындағы музыкалық композициялар көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
Балалардың қабілетін ашып, болашағына жол көрсетіп жүрген барша педагогтерге алғысымыз шексіз!
https://dmsh-kst-kz.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/2828-shabyt-syjlajtyn-zhandardy-merekesi.html#sigFreeIdedfe01e9c8









