27 қазанда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Қостанай қаласы білім бөлімінің «№ 1 балалар музыка мектебі» КМҚК базасында «Музыка мектебінде білім алушыларды оқыту мен шығармашылық әлеуетін дамытудың заманауи тәсілдері» тақырыбында семинар-практикум өтті.
Семинардың мақсаты — білім алушылардың музыкалық қабілеттерін, шығармашылық дербестігін және жеке орындаушылық мүмкіндіктерін дамытуға бағытталған заманауи педагогикалық тәсілдер мен оқыту әдістерін қолдану саласында педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру.
Семинар жұмысы алты тақырыптық секция бойынша ұйымдастырылды. Секциялар аясында педагогтер тиімді білім беру тәжірибелерін ұсынып, кәсіби тәжірибелерімен бөлісті және музыкалық білім беруді жетілдірудің өзекті мәселелерін талқылады.
Іс-шара қорытындысы бойынша тиімді педагогикалық тәжірибе жинақталып, таратылды, білім алушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуға арналған әдістемелік ұсынымдар әзірленді және заманауи педагогикалық тәсілдерді музыка мектебінің жұмыс тәжірибесіне енгізу перспективалары айқындалды.