19.10. БММ кіші залында фортепиано бөлімі оқушыларының ата-аналарына арналған концерт өтті. 

Концертте ресейлік, қазақстандық, шетелдік және қазіргі кездегі композиторлардың әртүрлі шығармалары орындалды. Ата-аналар кішкентай әртістерді зор қошеметпен қарсы алып, ду қол шапалақтаумен қолдау көрсетті.