2019 жылдың 18-мамырында қазақ халық аспаптары бөлімінің есеп беру концерті өтті. Бағдарламада халық музыкасы, әлем классикасы және қазіргі кезең музыкалық туындылары орындалды.
Сахнаға төменгі сыныптан бастап жоғарғы сынып оқушылары арасында концерттік орындауды жақсы меңгерген және түрлі конкурстардың жүлдегерлері шықты. Олар өз орындаулары арқылы көрерменге жол тарта білген жас музыканттар. Концерттің әрбір сәті баға жетпес қызыққа толы болғанын орындаушылардың жүзінен байқауға болатын еді, олардың бал-бұл жанған көздері, көтеріңкі көңіл күйлері музыка арқылы сезіліп тұрды.
Ұлттық аспаптар ансамблі, домбырашылар ансамблі сияқты ұжымдық топтар өнер көрсетіп, фольклорлық аспаптар - қыл-қобыз, жетіген және саз-сырнайда тамылжыған әуендер тыңдармандар хошын келтіре түсті.
Оқушыларына шынайы тәрбие беріп, музыкалық білім саласында жан-тәнімен еңбек етіп жүрген тәжірибелі барлық ұстаздардың үміттерін өз тәрбиеленушілері ақтай білуде.
https://dmsh-kst-kz.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/291-2019-zhyldy-18-mamyrynda-aza-khaly-aspaptary-b-limini-esep-beru-kontserti-tti.html#sigFreeId3618914e12