20 мамырда №1 БММ есеп беру концерттерін фортепиано бөлімінің оқушылары мен оқытушылары жалғастырды. Сахнаға көтерілген түрлі сыныптың оқушылары концертті көруге келгендерге өздерінің шығармашылық өнерлерін көрсетті.

 

Концерттің бағдарламасында сахнаға енді шығып жүрген пианиношылармен қатар түрлі деңгейдегі байқаулардың лауреаттарының орындауында қазақстандық, ресейлік және шетелдік композиторлардың түрлі жанрдағы шығармалары, көне және қазіргі кездің шығармалары шырқалды. Концерт шығармаларының жан-жақтылығымен және алуан түрлілігімен ерекшеленді, әсіресе ансамбльдердің орындауындағы нөмірлер кештің сәнін келтірді. Бұл музыкалық кеште әрбір жас музыкант өзінің музыкаға деген көзқарасын көрсетіп, ресми шараны шығармашылық мерекеге айналдырды.