Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығы 1 маусымда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған Балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің шеруін өткізіп, оған біздің мектептің тәрбиеленушілері де қатысты.
Халықаралық балаларды қорғау күнінде Шеру өткізудің өзіндік мағыналық мәні де бар. Балаларды қорғау күні – бұл балалардың көңілді мерекесі ғана емес, бұл сондай-ақ барлық баланың бақытты болып өсуі, білім алуы, сүйікті ісімен айналысуы үшін және болашақта үлгілі ата-аналар және отанының азаматтары болуы үшін баланың құқығын қорғаудың қажеттігін қоғамның есіне салу болып табылады.
Шерудің мақсаты – оқушылар мен студенттердің көшеде өтетін фестиваль-шеруіне қолдау көрсету және дамыту. Шерудің міндеті балалар мен жастардың музыкалық мәдениетінің деңгейін көтеру, өзінің білім алып жатқан ұйымы үшін және сол жерде білім алатыны үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру, республиканың оқу орындарының беделін көтеру және жарнамалау болып табылады.
Шерудің барлық қатысушылары мерекелік киімде болды, ұлттық және карнавалдық костюмдер киді. Шеру шығармашылық ұжымдардың – Шеруге қатысушылардың мерекелік концертімен аяқталды. Балалар өздерінің үздік нөмірлерін көрсетті. Әрбір қатысушы музыкалық ұжым үшін Шеру көркемдік-эстетикалық дамудың нысаны, балалардың, педагогтар мен ата-аналардың шығармашылық жетістіктерін көрсетудің тамаша мүмкіндігі болып табылады.
https://dmsh-kst-kz.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/297-1-mausymda-khaly-araly-balalardy-or-au-k-nine-arnal-an-sheruin.html#sigFreeIdb741deaef5