30 қыркүйекте Халықаралық музыка күніне және Мұғалімдер күніне арналған дәстүрлі концерт өтті. Осы бір тамаша кеште музыка мектебінің концерт залы педагогтарымызды құттықтағысы келген барлық жандар үшін есігін айқара ашты.

Бізге қонаққа келген бұрынғы түлектеріміз, облыстық филармонияның әртістері өздерінің музыкалық құттықтауларын тарту етті, сондай-ақ мерекелік кешке ата-аналар мен мектептің тәрбиеленушілері келді. Жұрт жиналған жай мейірімге, бір-біріне деген ризашылық пен көтеріңкі көңіл күйге толы болды.

.