6 қарашада сағат 11.00 Л.Н.Толстой ат. Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында жас композитор Зере Танкееваның шығармалар жинағының тұсаукесері болды.

№1 БММ 5 сыныбында оқитын Зере бірнеше мамандық: виолончель, аккордеон, скрипка, фортепиано бойынша білім алуда.  Музыка жазумен әуестенетін ол сондай-ақ композиция сыныбына да қатысады. Қазіргі таңда Зеренің бұл бағыттағы жетістіктері ауыз толтырарлықтай: кәсіби тұрғыдан өсіп келеді, жас композиторлардың Халықаралық байқауларының жеңімпазы болды, өз шығармаларының үш жинағын жарыққа шығарды.

«Приключения Брунгильды» деп аталатын бірінші жинағы аккордеонға (баянға) арналған. Кітап музыкамен және суреттермен безендірілген ертегі (Зеренің өзі жазған) болып табылады. Бұл жинақтың музыкалық пьесалары кейіпкерлердің «музыкалық портреттері» болып табылады және оларды жекелей де немесе тұтас та ойнауға болады.

 «Фортепианные пьесы» атты екінші жинақ пианиноны енді үйреніп жүрген пианиношыларға арналған. Әрбір миниатюра жас музыканттардың шығармашылық фантазиясы мен қиялын оятуға көмектесетін әсем суреттермен сүйемелденген.

Тамаша суреттерді салған Зеренің әпкесі Әйгерім Танкеева керемет скрипкашы ғана емес, сондай-ақ сурет мектебінің болашағынан үміт күттіретін оқушысы болып табылады.

«Сочинения для виолончели» атты үшінші жинаққа ірі нысанды шығармалар: рондо, вариациялар енген.

Барлық шығармалар БММ оқушыларына арналған және қазақстандық жас композитордың шығармасы ретінде орындаушылық репертурарға қосуға болады.

 

.