2020 ж. 10.01. Балалар музыка мектебінің екінші корпусында Қостанайдың эстетикалық цикл мұғалімдері үшін қалалық озық тәжірибе мектебі өтті. Шара әдеттегідей қосымша білім беру педагогтарының педагогикалық ізденістерінің нәтижелерін көрсетті.
Сөз сөйлегендердің баяндамаларында қарастырылған мәселелер педагогтар мен ата-аналардың өзара әрекеттестігіне қатысты болды, пианиношы педагогтар мен концертмейстерлер жұмыстарының маңызы жан-жақты екендігі дәлелденді, балалардың сольфеджио бойынша мектеп бітіру емтихандарына дайындық мәселелері ортаға салынды. Әр балаға жеке-жеке көңіл бөлгенде және ата-аналармен қоян-қолтық бір бағытта жұмыс істегенде ғана қажетті нәтижеге қол жеткізуге болады деген ой барлық баяндамалардан айқын байқалды. Педагогтардың баяндамалары облыстық және республикалық байқаулардың лауреат оқушыларымен, бұрынғы жылдардың түлектері мен тәрбиеленушілердің ата-аналарының БММ-дегі білім беру ісі туралы пікірлерімен көркем безендірілді.
«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 1 Балалар музыкалық мектебі» МКҚК
Эстетикалық цикл мұғалімдерінің қалалық
Озық тәжірибе мектебініңбағдарламасы.
«Музыкалық өнердің тұлғаның қалыптасуы және баланың адамгершілік-эстетикалық мәдениетінің негізін қалыптастыру процесіне тигізер мүмкіндіктерін жүзеге асыру»
Қостанай, 10 қаңтар 2020 жыл
Костанай
Өткізу орны: «№ 1 Балалар музыка мектебі» МКҚК (2-корпус)
Өткізу күні: 10.01.2020
Өткізу уақыты: 14.00- 16.00
уақыты |
Мазмұны, өткізілетін орны |
жауаптылар |
13.45- 13.55 |
Қонақтарды қарсы алу (мектеп фойесі, концерт залы) |
Дюсенова А.К., БММ дир. ОЖ жөніндегі орынбасары |
14.00- 15.45
|
Келесі тақырыптар бойынша педагогтардың жұмыс тәжірибесін жинақтау:
«Музыка мектебі мен отбасының баланы оқыту процесіндегі өзара әрекеттестігі»
«Сольфеджио бойынша оқушыларды мектеп бітіру емтиханына дайындаудың психологиялық аспектілері»
«Ойнай жүріп үйренеміз»
«Концертмейстер: жүрек қалауы ма әлде жұмыс па?»
|
.
Дюсенова А.К. БММ дир. ОЖ жөніндегі орынбасары
Фисенко Е.Б. БММ теориялық пәндер оқытушысы
Лупаина Е.Г. БММ фортепиано сыныбы бойынша оқытушысы
Варюхина В.А., ф-но оқытушысы, концертмейстер. Ардабьева С.Д., ф-но оқытушысы, концертмейстер |
15.45- 16.00 |
Рефлексия. Ұсыныстар. |
Остапенко Л.Г., эстетикалық цикл мұғалiмдерiнiң қалалық ӘБ жетекшісі |
Ұсыныстар:
- 1. Мектеп мұғалімдері жұмысының үздік тәжірибесін енгізу, тексеру және зерттеу.
- Оқытушылардың оқытудың заманауи әдістерін пайдалануын арттыру.
- 3. Мұғалімдердің музыкалық білім беру жүйесіндегі оқытудың заманауи әдістерін пайдаланудағы озық тәжірибелерін тарату.
https://dmsh-kst-kz.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/331-balalar-muzyka-mektebinde-alaly-ozy-t-zhiribe-mektebi-tti.html#sigFreeIdc21d258c86