Бұл музыкалық жарыстың талаптары өте күрделі болғанын, оның басынан бастап ең жоғары республикалық деңгейге сәйкес келгенін атап өту керек. Сол себепті көптеген ниет білдірген үміткерлердің дайындық жасау және репертуармен танысу кезінде жарыс жолынан шығып қалуы ешкімді таң қалдырмады.
Есесіне бағдарламаның талаптарынан шыққандар өздерін фортепианоны шебер меңгерген, түрлі стильдер мен дәуірлер композиторлары музыкасының айтар ойын түсіне және тыңдаушыға жеткізе білетін нағыз әртіс-орындаушы ретінде көрсетті. Осыған орай көпшілігінің өнер көрсетуі тыңдаушылардың «браво» деген ризашылығымен сүйемелденді.
Бір айдан кейін болатын облыстық кезеңдегі бәсекелестіктің жоғары деңгейін ескерген қазылар алқасы қатысушылардың өнер көрсетуін қатаң бағалап, келесідей шешім шығарды:
ІІІ орын – Сабит Дильназ (жоғарғы топ);
ІІ орын бірден бірнеше қатысушыға берілді:
Бексултанова Анастасия (кіші топ);
Оспанова Зарина және Утарбаева Аружан (орта топ);
Лапухович Дарья (жоғарғы топ).
І орынды иеленген Танкеев Батыржан (жоғарғы топ) оза шауып, алдыңғы орынға шықты.
Жоғары сынып оқушылары хорының өнер көрсетуін (жетекшісі К.К. Абраева, концертмейстері Л.В.Шлепанова) қазылар алқасы ІІ орынмен бағалады.
Білім басқармасының Грамоталарымен және бағалы сыйлықтарымен лауреаттардан басқа олардың тәлімгерлері: Г.Б. Кучикова, К.К. Абраева, В.А. Варюхина, Г.Б. Кужахметова, Г.В. Круковская, О.Г. Судакова және Л.В. Шлепанова да аталып өтілді.
Барлық лауреаттар облыстық деңгейге жіберілді және байқаудың 2020 ж. 18-19 ақпанында өтетін кезеңінде Қостанайдың намысын қорғайтын болады.