«Музыканың үш тағаны» тақырыбымен өтетін жанрлар фестивалі – Орыс халық аспаптары бөлімі оқушыларының басын қосатын дәстүрлі шара 26 ақпанда музыка мектебінің камералық залында өтті.

 

 Дмитрий Кабалевский бір сөзінде «Музыка үш «тағанда» –  әнде, биде және маршта тұр»,- деген болатын. Ән – ең керемет жаңалық! Би көңіл көтереді. Марш –  көптеген адамдарды біріктіреді, бірге болуына ықпал етеді.

 

Фестивальға қатысқан Орыс халық аспаптары бөлімінің төменгі сынып оқушылары түрлі жанрлардың шығармаларын дайындады және орындады. Әңгімеге белсенді араласты, өздерінің білімдерімен бөлісті, өз өнерлерімен ата-аналарына және фестивальдың қонақтарына қуаныш сыйлады.