Бүгін №1 музыка мектебінің кіші залында облыстық «Алау» телерадиокомпаниясының жаңалықтар шығарылымы үшін репортаж түсірілді. Сюжеттің кейіпкерлері Қазақ халық аспаптары ансамблінің қатысушылары болды (жет. Г.С.Амирова), олар музыкадағы жетістіктері туралы айтып беріп, жүргізушінің сұрақтарына жауап берді және орындаушылар ретінде өнер көрсетті. Соңғы жылдары халық аспаптарында ойнауды үйрену ерекше танымалдылыққа ие болып, сұраныстың жыл сайын артып келе жатқанын атап өткен жөн, бұл қазақстандықтардың ұлттық сана-сезімінің жандануына, қазақ мәдениетіне қосылуға, музыкалық фольклор әлемін тануға деген ұмтылысына байланысты.

Қазақ халық аспаптар ансамблінің құрамына қатысу осы міндеттерді толыққанды шешеді, балалардың шығармашылық қабілеттерін, командада жұмыс істей білуін дамытады. Бұл ұжымның Қазақстандағы үздіктердің бірі екенін айта кету керек, 2019 жылы Ансамбль республикалық Жас музыканттар байқауында бірінші орынға ие болды. Қазір ұжым ұзақ уақытқа созылған қашықтан оқумен байланысты үзілістен кейін орындаушылық деңгейін қалпына келтіріп, жаңа байқауларға дайындалуда.

Коронавирус пандемиясының жағдайына қарамастан балалар санитарлық талаптарды сақтай отырып, штаттық режімде шағын топтармен жұмыс істеп жатыр.

Бағдарламаны 14 қазан, сәрсенбі күні сағат 20.00-де «Алау» арнасының эфирінен көруге болады. 

 

Біздің жас таланттарымызды жаппай көрумен қолдаңыз.

Қызықты болады!!!