Балалар музыка мектебінде қалалық озық тәжірибе мектебі өтті

  

2021 ж. 06.01. Балалар музыка мектебінде Қостанайдың  эстетикалық цикл мұғалімдері үшін қалалық озық тәжірибе мектебі өтті. Шара әдеттегідей қосымша білім беру педагогтарының педагогикалық ізденістерінің нәтижелерін көрсетті.

Сөз сөйлегендердің баяндамаларында қарастырылған мәселелер педагогтар мен ата-аналардың өзара әрекеттестігіне қатысты болды, пианиношы педагогтар мен концертмейстерлер жұмыстарының маңызы жан-жақты екендігі дәлелденді, балалардың сольфеджио бойынша мектеп бітіру емтихандарына дайындық мәселелері ортаға салынды.  Әр балаға жеке-жеке көңіл бөлгенде және ата-аналармен қоян-қолтық бір бағытта жұмыс істегенде ғана қажетті нәтижеге қол жеткізуге болады деген ой барлық баяндамалардан айқын байқалды. Педагогтардың баяндамалары облыстық және республикалық байқаулардың лауреат оқушыларымен, бұрынғы жылдардың түлектері мен тәрбиеленушілердің ата-аналарының БММ-дегі білім беру ісі туралы пікірлерімен көркем безендірілді.