2021 жылдың байқаулары басталды

 

 «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 19-26 қаңтар аралығында Қостанай қаласының білім бөлімінің ұйымдастыруымен мектептің 55 жылдық тарихында алғаш рет сырттай форматта жас музыканттардың қалалық байқауы өтті. 

Байқаудың басты мақсаты – тәрбиеленушілердің музыкалық дарындылығын дамыту, ұлттық музыкалық дәстүрлерді насихаттау, жас музыканттардың орындау мәдениеті мен кәсібилігін арттыру.

Байқауға қатысу шарттары өте қатаң болды және қатысушылардың білім деңгейінің жоғары болуын талап етті, сол себепті де БММ-нің кез келген тәрбиеленушісі талап етілген репертуарды игере алмады және осы іс-шарада өздерін көрсете алмады.  Байқаудың міндетті шарты отандық автордың шығармасын орындау болды. Жас музыканттардың байқауға негізінен қашықтан дайындалғанын ескеретін болсақ, байқау ешкімге оңай болған жоқ.  

 Байқау талаптарының күрделілігін ескере отырып шығармашылық сайыста лауреаттар атағы үшін үздіктердің үздіктері: оркестр бөлімінің 22 оқушысы және 2 ұжымының: ішекті-ысқылы (скрипка, виолончель), үрмелі (флейта, гобой, саксофон) және соқпалы (барабандар, ксилофон) аспаптардың өкілдері тартысқа түсті.  

Қашықтықтан қатысқанына қарамастан тәрбиеленушілердің көпшілігі тіпті жазбада өздерін нағыз әртіс ретінде көрсете білді. Олардың өнер көрсетуі түрлі стильдер мен жанрлардағы шығармалардың жоғары деңгейде орындалуымен, композитордың ойын тыңдаушыларға жеткізе білуімен сипатталды.

Байқаудың қорытындысы мен жас музыканттардың облыстық байқауына Қостанайдың атынан қатысатын оқушылардың есімдері кейінірек белгілі болады.    

Өткен қалалық байқау 2021 жылғы байқаулар маусымын ашып берді және болашақ жеңістер мен жетістіктердің өзіндік бастапқы алаңына айналды, өйткені іс жүзінде барлық қатысушылар «музыка шыңын» бағындыруды облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі байқауларды бағындырудан бастайтыны белгілі.  

Қостанайлық жас таланттарға жаңа жетістіктер, сәттілік пен шабыт тілейміз!