18 қарашада Л.Н.Толстой ат. Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының жиналыс залында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында жас таланттар Талғат және Юлия Латыповтармен шығармашылық кездесу өтті.
Талғат – Балалар музыка мектебінің түлегі, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты, мектептің көптеген шығармашылық ұжымдарының – Қазақ халық аспаптары ансамблінің, Соқпалы аспаптар ансамблінің және Орыс халық аспаптары оркестрінің белсенді қатысушысы. «Баян» мамандығы бойынша оқуын аяқтағалы отыр. Талғат өзін жан-жақты дарынды, жарқын тұлға ретінде көрсетті, ол өмірге деген көзқарасы мен түсінігі қалыптасқан, көп нәрсеге қызығушылық танытатын, өте білімді және көпшіл тұлға. Түрлі қызығушылықтары оның оқуда үлкен жетістіктерге жетуіне кедергі келтірмейді: 2019 жылы Қазақстандағы ең беделді 52-ші республикалық Жас музыканттар сайысының Гран-приін жеңіп алып, ол іс жүзінде елдің үздік жас баяншысы деп танылды! Ал ол небары 10 жаста ғана!
Осы және тағы басқалар туралы Талғат пен оның тәлімгері Қойшин Ғалым Есполұлы айтып берді, сондай-ақ кездесу кейіпкері шараға қатысушыларға өзінің сүйікті баянын ойнап берді.
Юлия музыкадағы жолын енді ғана бастап, әдемілік әлеміне алғашқы қадамдарын жасады, соған қарамастан өзінің аспапта ойнау мәнерін және үлкен шығармашылық әлеуетін көрсетіп үлгерді. Бұған кездесуге қатысушылар толық көз жеткізе алды.
Ал жас таланттардың дамуына көмектесіп, оларды қолдап және демеп келе жатқан балалардың анасы Гүлнар Талғатқызы кітапхана қонақтарымен отбасылық тәрбиенің құпиясымен бөлісті.
Жас таланттармен кездесу өте шынайы, мейірімге толы болды, кездесуге келгендер осындай өскелең ұрпағы бар Қазақстанның кез келген міндеттерді атқара алатынына сенім білдірді.
https://dmsh-kst-kz.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/1311-latypovtarmen-shy-armashyly-kezdesu.html#sigFreeIdeb719bc53a