Ата-аналарға арналған жаднама

 

«Мерекелер мен демалыстар  кезіндегі баланың қауіпсіздігі»

 

Құрметті ата-аналар! Мерекелер мен демалыстар  келе жатыр – балалардың демалатын, қызықты істердің куәсі болатын, жаңа әсерлер алатын уақыты жақындап келеді. Сіздің балаңызда түрлі оқиғалар мен балалық қиялдар үшін бос уақыт пайда болады, ал сіздің олардың қауіпсіздігі үшін алаңдаушылығыңыз арта түседі.    

Балалардың оқыс оқиғаларға ұшырап қалуының алдын алу үшін, әсіресе, егер ол үйде ересектердің қарауынсыз қалатын болса, баланың қауіпсіздігі туралы ойлануыңызды сұраймыз. Осы кезеңде көшеде және күнделікті тұрмыста жарақат алу қаупі едәуір артатыны есіңізде болсын. Балаларға жаяу жүргіншілерге арналған жол ережелері туралы ескертіңіз. Ең алдымен жолды қай жерден, қашан және қалай өтетінін түсіндіріңіз. Балаларға ашық түсті киім кигізіңіз, егер киімде жарық қайтарғыш  фликерлер болса, тіпті жақсы, себебі көшеде қараңғы түсе бастаған кезде түрлі дененің көрінуі 2 есе нашарлайтынын ескерсек, жүргізушілер баланы көре алмауы мүмкін. Баламен бірге оның не істейтінін, уақытты қалай жоспарлау керектігін талқылаңыз.    

Таза ауада серуендеу, ойындар – балалар үшін сабақтан кейінгі ең жақсы демалыс. Кешкі және түнгі уақытта сағат 22.00-ден 06.00-ге дейін ересектердің қарауынсыз көшеде болуына жол бермеңіз. Балаңыздың қайда және кіммен жүретіні туралы үнемі хабардар болыңыз, балалардың баратын жерлерін назарда ұстаңыз, бейтаныс адамдармен сөйлесуге рұқсат бермеңіз.

Иесіз заттарды көргендегі іс-әрекет ережелерін үйретіңіз. 

Мерекелер мен демалыстар  баланың күшін қалпына келтіру және жинақтау кезеңі болуы керек. Балаларыңыздың бос уақытын қатаң бақылаңыз. Оларға пиротехникамен ойнауға рұқсат бермеңіз.  Есіңізде болсын: пиротехниканы дұрыс қолданбау сіздің балаларыңыздың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін. Оларға өрт қауіпсіздігі ережелерін жеткізіңіз. Жазатайым оқиғалар кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйретіңіз.