Оқу жылының IV-ші тоқсаны басталды. Музыка мектебінде оқу жылын аяқтау – бұл оқушылар мен мұғалімдер үшін бақылау сабақтарымен, академиялық концерттермен және мектеп бітіру емтихандарымен байланысты қауырт та күрделі кезең. Сахнадағы дайындық, теориялық материалды тапсыру – мұның барлығы мұғалімдердің мұқият назарында. Түлектерді тыңдау жүріп жатыр.

Мектеп бітіруші сынып оқушыларының ата-аналар жиналысы мұғалімнің, оқушының және ата-ананың тығыз байланысының дәлелі болып табылады. Педагогтар ата-аналарға емтихан алдындағы бақылау нәтижелерін көрсетті, алдағы емтихандардың мерзімдерін белгіледі, емтихан кезіндегі балалардың психикалық және эмоционалдық күйзелістерін жеңу бойынша бірлескен міндеттерді анықтады.