Бұл күні біз жақсы көретін жандарға, бізге қамқорлық жасайтын жақын адамдарымызға алғыс айта аламыз. Сондықтан да көктемнің алғашқы күні тек біздің күлімсіреуімізден ғана емес, сонымен қатар біздің тағдырымыздағы маңызды жандарға алғысымызды білдіруден басталады.
Осы күнге орай Қостанай қаласының қосымша білім беру ұйымдары қалалық балалар шығармашылығы мектебінде ата - аналар мен педагогтар үшін мерекелік іс - шара дайындады.
Көркемөнер мектебінің тәрбиеленушілері суреттер көрмесін дайындады.
Техникалық шығармашылық мектебі әуе, авто, кеме модельдерін ұсынды, олардың көпшілігі жұмыс істейді. Радиомен басқарылатын көліктерді мәнерлеп жүргізу ерекше эмоциялар тудырды.
Аула клубтарының балалары сәндік - қолданбалы бағыттағы шығармашылық жұмыстардың көрмесін ұсынды. Мастер - класстар ұйымдастырылды, онда тілек білдірушілер өз қолдарымен қолөнер жасай алды.
Ал барлық қатысушылар Қазақ ұлттық ойындарында өз күштерін сынап көре алды.
«Карнавал» хореографиялық мектебінің, балалар шығармашылығы мектебінің және музыка мектебінің тәрбиеленушілері тамаша концерт дайындады.
Күлімсіреу, эмоциялар, алғыс пен құрмет сөздері, ең қымбат көрермендердің ыстық қолдауы мен қошеметі – мейірімділік пен шығармашылықтың нағыз тамаша көрінісі.
Көпшілікке алғыс айтудың жақсы себебі - бұл қазіргі Қазақстанда дүниеге келген керемет дәстүр!