Музыка мектебіпедагогтарының 2024 жылғы 27 наурыздағы жұмыс күні ақпаратқа толы және тиімді болды. «IQOSTANAY» оқушылар сарайы директорының ОЖ жөніндегі орынбасары Н.Н. Никитинамен қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандум аясында оқытушыларға педагогтарды аттестаттаудың жаңа ережелерін түсіндіру бойынша семинар өткізілді.
Оқу-ағарту министрлігі 2024 жылдан бастап енгізген жаңалықтар көрнекі ақпаратпен сүйемелдене отырып түсінікті түрде қатысушыларға жеткізілді, педагогтар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Теориялық бөлімнен кейін Оқушылар сарайына экскурсия жасалды, ол оқытушылардың таңданысы мен сүйінісін тудырды.