Жыл сайын жер жүзі көктемде Халықаралық джаз күнін атап өтеді. Дыбыстардың үйлесімдігі, шығарманы өз қалауыңша орындау еркіндігі, түрлі тәжірибе жасау мүмкіндігі жүз мыңдаған жүректерді толқытып келеді. 27 сәуірде Қостанай қ. No1 балалар музыка мектебінде керемет концерт – естігеннің есінен кетпес джаз кеші өтті. Мектептің ішінде осы бір керемет әуеннің үні естілмеген жер қалмады. Концертке мектеп оқушылары, олардың тәлімгерлері және Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармонияның әртістері қатысты. Жеке орындаушылар, ұжымдар, шығармашылық топтар мерекелік ахуалды қамтамасыз етті. Концерт дәріс түрінде өтті, жүргізушілер джаздың пайда болу тарихы туралы және оның стилистикалық ерекшеліктері туралы айтып берді. Бағдарламада джаздың түрлі елдерге тән әуендері мен композициялары орындалды.
View the embedded image gallery online at:
https://dmsh-kst-kz.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/2127-zhyl-sajyn-zher-zh-zi-k-ktemde-khaly-araly-dzhaz-k-nin-atap-tedi.html#sigFreeId64332be2ce
https://dmsh-kst-kz.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/2127-zhyl-sajyn-zher-zh-zi-k-ktemde-khaly-araly-dzhaz-k-nin-atap-tedi.html#sigFreeId64332be2ce