Оқу жылы аяқталатын кез жақындап қалды. Музыка мектебі үшін бұл емтихандар мен есеп беру концерттерінің уақыты. Кез келген оқу үдерісінің тиімділігінің көрсеткіші түпкілікті нәтиже болып табылады. Музыка мектебі оқушылары үшін бұл оқудың нәтижесін ынталандыратын және арттыратын, оның тартымдылығын күшейтетін, ең жақсы қасиеттерді бойына сіңіретін және біріктіретін, өз жұмысының әлеуметтік маңыздылығын сезінуге және оның нәтижесін көруге көмектесетін көпшілік алдында өнер көрсету болып табылады. Есепті концертке, әдетте, түрлі байқаулардың қатысушылары және лауреаттары болып табылатын оқушылар, емтихандарда жақсы өнер көрсеткен балалар қатысады.
Екінші корпустың фортепиано бөлімі оқушыларының есептік концерті педагогтар мен оқушылардың бірлескен ауқымды жұмысының куәсі болды. Концерт бағдарламасы классикалық және заманауи пьесалардан, қазақстандық композиторлардың шығармаларынан тұрды. Концертті жүргізген Л. А. Тытюкова әр жас орындаушыны таныстырып, оның шығармашылық жетістіктері туралы айтып берді. Көрермендер өнер көрсетушілерге қошемет көрсетіп, қолдап отырды.
https://dmsh-kst-kz.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/2137-no2-korpusty-fortepiano-b-limini-esep-beru-kontsert.html#sigFreeId31fa4da21b