Біздің мектепте оқушылардың отаншылдық тәрбиесіне әрқашан көп көңіл бөлінеді. Оқу репертуарына педагогтар әскери тақырыпқа байланысты шығармаларды қосып отырады.

Аталған шығармалармен жүргізілетін жұмыстар олардың шығу тарихы туралы әңгімелермен бірге жүреді, балалар алған әсерлерін ортаға салып, өздерінің отбасылық естеліктерімен бөліседі. Ұлы Жеңіске деген мақтаныш сезімі мен жеңіс жолындағы құрбандар саны халқымыздың жадынан ешқашан өшпек емес.

Бүгінгі концерттің сценарийін теориялық пәндер бөлімінің педагогтары Е.Б.Фисенко мен М.В.Словеникина әзірледі. Концертке жеке орындаушылар, фольклорлық ансамбль, мектеп педагогтары қатысты.