Бірінші сынып оқушыларының «Посвящение в музыканты»концерті Оқу жылы аяқталуға жақындап қалды. Әдеттегідей, жыл соңы түрлі іс-шараларға толы. Бірінші сынып оқушылары да концертке қатысып, әлі аз болса да өздерінің аспапты меңгеру қабілеттерін көрсетті. Жас пианиношылар өздерінің тәлімгерлерімен классикалық және қазіргі кездің композиторлардың түрлі шығармаларын дайындады. 18 мамырда музыка мектебінің екінші ғимаратында өткен «Посвящение в музыканты» мерекесінің сценарийін Фортепиано бөлімінің педагогтары Н.Г. Плюшко, С.Д. Ардабьева әзірледі. Олар сценарийді өлеңдермен, жұмбақтармен, ребустармен толықтырды. Концерт залының көрермендері жас әртістердің әр өнер көрсетуін қолдап отырды. Концерт естелік фотосуретпен және шағын кәдесыйлар табыстаумен аяқталды.