Оқу жылының бірінші жартыжылдығы мәресіне жетті. Музыка мектебінің түлектері қызу дайындық үстінде. Мектеп бітіру бағдарламасын тыңдау жүріп жатыр, сольфеджио сабақтарында билеттермен жұмыс істеу жалғасуда. Қалыптасқан дәстүр бойынша Қостанай музыка мектебінің екінші корпусының педагогтары түлектердің ата-аналарын ата-аналар жиналысына шақырады. Екінші корпустың оқу ісінің меңгерушісі А. К. Дюсенова ата-аналарды мектеп бітіру емтихандарын өткізу тәртібімен, мамандық және сольфеджио бойынша талаптармен таныстырады. Мұғалімдер ата-аналарға балалардың дайындық деңгейі туралы айтып береді, қиындықтарды ортаға салады, үй тапсырмасының орындалуын бақылауды естен шығармай, балалардың сабақтары мен демалысының дұрыс режімін ұйымдастыруды өтінеді.

Жиналыс соңында ата-аналар алдында Рудный музыкалық колледжінің теориялық пәндер бөлімінің педагогтары сөз сөйледі. Олар колледждегі оқу, онда оқитындардың келешегі және биылғы түлектердің колледжге түсу мүмкіндігі туралы айтып берді. Педагогтар ата-аналарға балаларымен ақылдасып, колледжді таңдауды қарастыруды ұсынды.

Жалпы жиналыстан кейін ата-аналар мұғаліммен өз балалары туралы жеке сөйлесуге мүмкіндік алды.