31 қаңтарда оқытушы К. А. Жакаеваның «Совершенствование певческих навыков. Выравнивание гласных звуков, свободное движение артикуляционного аппарата» тақырыбымен ашық сабағы өтті.

Сабаққа вокал-хор бөлімінің оқытушылары қатысты. Сабақта әртүрлі музыкалық дыбыстарды дұрыс орындау дағдыларын бекітуге, музыкалық репертуарды орындау кезіндегі артикуляция дағдыларын дамытуға көмектесетін арнайы вокалдық жаттығуларды орындауға ерекше назар аударылды.

Вокалдық жаттығулар оқушының вокалдық техникасын арттыратын, оның ән айту дағдыларын дамытатын маңызды көмекші элементтер болып табылады.