Орыс халық аспаптары бөлімінің отырысында оқытушы Е. В. Рацтың «Гитара – как средство музыкального воспитания школьника» тақырыбына жасаған баяндамасы тыңдалды.
Баяндама ағартушылық және танымдық-тәрбиелік бағытта болды. Баяндамада аспаптың – гитараның пайда болуы мен даму тарихы туралы ақпарат берілді, аспапта ойнау кезіндегі дыбыс шығару ерекшеліктері айтылды, 6 және 7 ішекті гитарада ойнау мен оқытудың классикалық мектептері аталды. Басты назар музыка сабақтарының маңызына аударылды. Баяндамада музыканың қоғам дамуының әртүрлі тарихи кезеңдерінде атқарған маңызды орны, атап айтқанда оның бірқатар негізгі пәндерді оқытудағы, оқушыны дамыту және тәрбиелеудегі маңызы туралы айтылды. Сонымен қатар музыкамен айналысудың (атап айтқанда гитарада ойнаудың) баланың физиологиялық және интеллектуалдық дамуына оң әсері атап өтілді.
Баяндама тыңдалды, талқыланды және музыка сабақтары мен жалпы музыкаға деген көзқарас оны өмірдің сәні ретінде ғана емес, сонымен бірге қоғамның мәдени дамуының көрсеткіші, мемлекеттің даму деңгейі деп қарауы керек деген қорытынды жасалды.