2025 жылдың 1 наурызында музыка мектебінің екінші ғимаратында соңғы жылдары дәстүрге айналған концерт өтті. Дайындық тобының педагогы және хор бөлімінің жетекшісі В. Г. Лозицкая сценарий дайындады. Оны әзірлеуге жоғары сынып оқушысы А. Батырбекова, мектептің түлегі А. Золина қатысты.

Концерттің басынан бастап емен-жарқын, эмоционалды реңк қалыптастырылды. Концерт залына жас әртістердің аналары, әжелері, достары жиналды. Көрермендерге өздерінің әлі бекіп болмаған өнерлерін бар ынта-жігермен көрсеткен балалардың әсерлі өнер көрсетулері өлең оқулармен сүйемелденді. Ересек оқушылар көрермендерді қызықты шығармалармен және мәнерлі ойындарымен қуантты. Концерт соңында бүлдіршіндер мен хор бөлімі оқушыларының бірлесіп орындауында бірнеше ән шырқалды.