Рудный қаласында 9 және 10 сәуірде үміткерлер көптеп қатысқан көп жанрлы облыстық байқау өтті. Оған Қостанай қаласының балалар музыка мектебінің оқушылары белсенді қатысты. Әрқайсысында 15 мамандық (аспап) бар 3 жас тобына бөлінген ең ауқымды делегация (90 адам қатысқан) 2 күн бойы орындаушылық шеберлік бойынша бақ сынасып, өздерінің таланты мен өздерін сахнада ұстау қабілеттерін көрсетті. Әр номинация бойынша жүлделі орындардың шектеулі болуы бәсекелестікті қыздыра түсті.

Нәтижесінде қостанайлықтар облыстың үздік ұжымы екенін тағы да дәлелдеп, жүлделі орындардың рекордтық санын жеңіп алды: 8 Гран-при, 16 бірінші, 16 екінші және 8 үшінші орынды иеленді, сондай-ақ 11 қатысушы «дипломант» атағына ие болды.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және одан әрі табыс тілейміз!