«Kostanay Music Games» — мерекелік, әсерлі, шабытқа толы!
20 желтоқсанда Қостанай қаласының Балалар музыка мектебінің базасында X мерейтойлық «Kostanay Music Games» байқауы өтті. Байқау Қостанай және Ақмола облыстарынан, сондай-ақ Алматы қаласынан келген 100-ден астам жас өнерпаздың басын қосты.
Екі бірдей концерт залында фортепиано, домбыра, қобыз, баян, скрипка, гитара, саксофон, флейта әуендері шырқалып, вокалдық байқау ерекше әсерге бөледі
Танымал мәдениет және өнер қайраткерлерінен құралған кәсіби қазылар алқасы қатысушылардың өнерін жоғары деңгейде, әділ бағалады.
Салтанатты қорытындылау рәсімінде жас өнерпаздар көптен күткен дипломдармен, естелік медальдармен және кубоктармен марапатталды.
https://dmsh-kst-kz.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/2485-kostanay-music-games-merekelik-serli-shabyt-a-toly.html#sigFreeIda0aec16ebe









