28 тамызда облыстық тамыз конференциясы аясында қосымша білім беру ұйымдарының басшыларына арналған «Конституциялық құндылықтар — заманауи басшының бағдары» тақырыбында секция жұмысы өтті.

Жиын барысында қосымша білім беруді дамытудың өзекті мәселелері, тиімді басқару шешімдері мен озық тәжірибелер талқыланды. Спикерлер кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп, табысты жобалар мен заманауи білім беру ұйымын дамытуға мүмкіндік беретін тиімді тәсілдерді ұсынды.

Жиынның практикалық бөлімі ерекше қызығушылық тудырды. «World Café» форматында қатысушылар педагогиканың өзекті мәселелерін талқылап, тиімді әрі тың шешімдер іздеді және қосымша білім беру жүйесін одан әрі дамыту жөніндегі өз көзқарастарын ортаға салды.

Қостанай қаласының Балалар музыка мектебі педагогтерінің кәсіби еңбегі де лайықты бағаланып, қуанышқа бөлендік.

Қостанай облысының Білім басқармасының грамоталарымен:

  • Кучикова Гульнара Бряновна
  • Уразалина Жанара Кадыржановна
  • Рачинская Светлана Игоревна
  • Смаглюк Евгения Юрьевна

марапатталды.

Әріптестерімізді жоғары кәсіби бағаларымен шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық шабыт, жаңа жетістіктер, шәкірттеріңіздің биік белестері және өскелең ұрпақтың шығармашылық қабілетін дамыту жолындағы еңбектеріңізге толағай табыс тілейміз!