Қымбатты достар, біз апта сайынғы «Музыкалық кинозал» айдарындағы музыкалық саяхатымызды жалғастырамыз!
Бүгін біз мұрасы әртүрлі жанрларды: операларды, оркестрлік пьесаларды, вокалдық және фортепианолық музыка циклдерін, романстар мен әндерді, хорларды қамтитын орыс композиторы, «мықты топтың» мүшесі Модест Петрович Мусоргскийдің шығармашылығымен танысамыз.
Модест Мусоргскийдің фортепианолық шығармашылығын орыс музыкасындағы бірегей дүниелердің бірі, әйгілі «Картинки с выставки» циклінсіз елестету мүмкін емес. Әрқайсысы суретші Виктор Александрович Гартманның бір картинасының мазмұнын бейнелейтін он пьесадан тұратын сюитада композитор жарқын сатиралық образдар жасап, театрлық әсер жасай алды.
Сіз білесіз бе?
• Автордың көзі тірісінде цикл ешқашан жарияланбаған. Бірінші басылым композитор қайтыс болғаннан кейін бес жыл өткен соң ғана жарық көрді.
• Осы сюитаның оркестрге арналған 19 нұсқасы бар.
• Ең жақсы оркестрге арналған нұсқаны атақты композитор Морис Равель жасай алды. 1922 жылдың күзінде Парижде оркестрлік нұсқаның премьерасынан кейін ұмыт болған «Картинки с выставки» қайтадан танымал болды. Әлемге әйгілі көптеген дирижерлер циклды орындауға тілек білдірді.
• Гартманның гномы – қисық аяқты щелкунчик.
• Мусоргский төрт жүзге жуық картинаның ішінен ең жарқын деген бірнешеуін ғана таңдап алды.
• Өкінішке орай, миниатюралар жазылған суреттердің үлгілері сақталмаған.