Құрметті достар, біздің апта сайынғы «Музыкалық кинозал» айдарымыздан сіздер Сергей Сергеевич Прокофьевтің «Петя мен қасқыр» симфониялық ертегісі бойынша қызықты оқиғалармен таныса аласыздар.

 

Сіз білесіз бе?

1. Музыкалық оқиға Наталья Сацтың ұсыныс жасауымен пайда болды. Балалар музыкалық театрының жетекшісі Сергей Прокофьевтен симфониялық оркестр айтып беретін музыкалық әңгіме жазуды өтінді. Балалардың классикалық музыка жанрының күрделі жерлерінде шатасып кетпеуі үшін түсіндірме мәтін бар, оның да авторы – Сергей Прокофьев.

2. Скрипканың әуені пионер шеруі рухында. Петя деген ұл симфониялық оркестрдің барлығымен дерлік кездеседі: құс – флейта, үйрек – гобой, мысық – кларнет, қасқыр – үш валторна. Үлкен барабаннан мылтықтың дыбысы естіледі. Ал күңкілдеген фагот атаның рөлін атқарады. Керемет қарапайым. Жануарлар музыкалық дауыстармен сөйлеседі.

3. «Қызықты мазмұн және күтпеген оқиғалар». Ойға алған дүниені жасауға небары төрт жұмыс күні кетті. Прокофьевке тарихта қалуы үшін осынша ғана уақыт қажет болды. Ертегі тек сылтау болатын. Балалар сюжетті қадағалап отырып, еріктерінен тыс аспаптардың атаулары мен олардың дыбыстарын жаттап алады. Салыстырулар мұны есте сақтауға көмектеседі.

4. Алғашқы мультфильм. 1946 жылы «Петя мен қасқыр» фильмін Уолт Дисней түсірді. Мультфильм магнатына әлі жарияланбаған туындының партитурасын композитордың өзі кездесу кезінде береді. Диснейге Прокофьевтің шығармасы қатты әсер етеді, ол оқиғаны суреттеуге шешім қабылдайды. Нәтижесінде мультфильм студияның алтын жинағына кірді.

5. «Оскар»! 2008 жылы Польша, Норвегия және Британиядан келген халықаралық команданың «Петя мен қасқыр» қысқа метражды туындысы ең үздік анимациялық қысқа метражды мультфильмі үшін америкалық киноакадемияның жүлдесіне ие болды. Аниматорлар тіл қатысқан жоқ – тек сурет пен Лондон симфониялық оркестрінің орындауындағы музыка ғана болды.

«Петя мен қасқыр» музыкалық ертегісі барлық музыкалық мектептердің бағдарламасына енгізілген, өйткені онда дыбыстық бейнелеу әдістерімен танысып, симфониялық оркестрдің әртүрлі аспаптарының тембрін тыңдауға, сонымен қатар кемеңгер композитор Сергей Прокофьевтің керемет музыкасынан ләззат алуға болады.