Кеңес халқының 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңісінің 75 жылдығын мерекелеу аясында өзінің талантын көрсеткісі келетін тәрбиеленушілерді Жас музыканттардың «ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ ЖЫРЛАРЫ» ІІ мектептік қашықтық фестиваліне қатысуға ШАҚЫРАМЫЗ

 

 

Өткізу уақыты:  2020 жылдың 9 мамырына дейін.

 

Өткізу орны: «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 1 Балалар       музыкалық  мектебі»  МКҚК.

 

ҚАТЫСУШЫЛАР:  Қостанай қ. №1 музыка мектебінің оқушылары.

 

 

БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ:

 

        Балаларды, жастарды, шығармашылық ұжымдарды Кеңес халқының 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңісінің 75 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шараларға белсенді қатыстыру.

 

Фестиваль-байқаудың міндеті:

— отандық мәдениеттің ерекше және маңызды әлеуметтік-мәдени мұрасы ретінде соғыс жылдарындағы музыканы танымал ету үшін қолайлы алғышарттар жасау;

— Жас ұрпақты Қазақстанның ерлікке толы болған тарихымен және 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезіндегі халықтың ерлігімен таныстыру;

— Көркем талғамды тәрбиелеу және жас орындаушыларды отандық мәдениет пен өнердің үздік үлгілеріне тарту;

— Жастардың бойында шынайы адамгершілік құндылықтарды, отаншылдық сезімін және өз елінің тарихына құрметпен қарауды қалыптастыру.  

— Жаңа таланттар мен дарындарды анықтау, олардың шығармашылық өсуі мен шеберлігіне ықпал ету, оқушылардың шығармашылық даралығын ашу.

 

  ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ЖАС САНАТТАРЫ:

Музыка мектебінің барлық жастағы оқушылары.


Бейнематериалдарды іріктеуге қойылатын ТАЛАПТАР:

 

  • мәнерлілік, әртістік;
  • орындаушылық шеберлік;
  • номердің көркемдік тұтастығы;
  • ұсынылған материалдың фестиваль мазмұнына сәйкестігі;
  • шығармашылық даралық (жеке орындаушылар үшін).

 

БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ТАЛАПТАР:

  • Қатысушының таңдауы бойынша ұзақтығы 5 минуттан аспайтын бір шығарма;
  • Өтінімдер мен бейнематериалдар 2020 ж. 9 мамырына дейін мамандық бойынша педагогтардан қабылданады.

 

 

Жас музыканттардың «ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ ЖЫРЛАРЫ»

 ІІ мектептік қашықтық фестиваліне қатысу үшін

ӨТІНІМ

 

Оқушының аты-жөні

 

Сыныбы  

 

Музыкалық аспабы

 

Мамандық бойынша оқытушысы

 

Шығарма авторы

 

Шығарма атауы

 

 

БЕЙНЕЖАЗБАЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР:

 

  • Бейнежазба көпшілікке белгілі кез келген ойнату нысанында (құралында) қабылданады.
  • Сыртқы микрофонды пайдалануға рұқсат етіледі (аудио-сигналды өңдеусіз).
  • Бейнетүсірілім шығарма орындалып болғанша бейнекамераны өшірмей және тоқтатпай жүргізілген болуы тиіс;
  • Бағдарламаны орындау кезінде орындаушының қолдары мен жүзі кадрда болуы керек.

 

ҚОСЫМША МӘЛІМЕТТЕР:

 

  • Фестивальға бірнеше рет қатысуға болады;
  • Музыкалық материалды іріктеуді құрамына бөлім меңгерушілері мен музыка мектебінің әкімшілігі кіретін фестивальдың ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады;
  • Байқаудың ұйымдастыру комитеті фестиваль кезінде алынған бейнематериалдарды жариялауға және келешекте пайдалануға, фестивальдың бейнежазбаларын көрсетуге және оларды радиодан, теледидардан, БАҚ-нан, интернеттен беруге құқылы;
  • Ұйымдастыру комитетінің байқауға қатысу туралы өтінім мен бейнежазбаларды алуы қатысушының фестивальдың барлық шарттарымен келісуі ретінде қарастырылады.

 

 

МАРАПАТТАУ:

  • Фестивальға жіберген әр шығармасы үшін оқушы ұйымдастыру комитетінің Алғыс хатын алады және тыңдаушылардың ризашылығына ие болады.