2-3 қазанда «Қостанай қ. әкімдігі білім бөлімінің №1 Балалар музыкалық мектебі» МКҚК Қостанай облысының жас музыканттарының қатысуымен Балалар музыкалық мектептері мен Балалар өнер мектептерінің жас музыканттарының – ішекті-ыспалы, үрмелі және соқпалы аспаптарда орындаушылардың 52-ші облыстық фестиваль-байқауы болып өтті.
Музыкалық мектептің делегациясы ең көп кандидат – барлық жастардың топтары бойынша 14 жеке орындаушы және 2 ұжым ұсынған ұйым болды. Қатысушылардың ішінде «тәжірибелі» қатысушылармен – республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттарымен қатар жаңа есімдер де болды.
Байқаудың қазылар алқасына Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазұу профессоры Н.Х.Кәрімов жетекшілік етті.
Байқаудың Гран-при жүлдесі скрипкашы Әйгерім Тәнкееваға бұйырса, түрлі аталымдар бойынша бірінші орындарды келесілер өзара бөліске салды: Г.Николенко, Я.Красноцветова, А.Абджанов, В.Тутаев, К.Самылтырова және атақты «Violin doStar» скрипкашылар ансамблі (жет. Елена Тулупова, конц. Марина Кащеева). Екінші орын З.Тәнкееваға, К.Диденкоға, П.Бойкоға, С.Теңізбаевқа, В.Яблонскаяға және Саксофоншылар ансамбліне (жет. Павел Латышев, конц. Елена Поддудник) бұйырды. Скрипкашылар байқауының жас үміткерлері Е.Дейнега мен Д.Қожахметова жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.