2018 жылдың 26 қазаны мен 3 қарашасы аралығында «Рухани Жанғыру» бағдарламасының аясында Қостанай қаласының музыкалық мектебінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы балаларға қосымша білім беру бағдарламасын жүзеге асырумен айналысатын білім беру ұйымдарының педагогикалық кадрларына арналған «Баянда, аккордеонда, гитарада ойнауды үйрету кезіндегі педагогикалық технологиялар» тақырыбы бойынша республикалық біліктілікті арттыру курсын өткізді.  

             

Қазақстанның барлық облысынан келген 66 тыңдаушы шеберліктің сырымен бөлісу үшін, жаңа білім алып, педагогика, өнер мен ғылым саласында жаңа белестерге көтерілу жолында алдағы жұмыстарды бір жүйеге келтіріп алу үшін Қостанайда бас қосты.

 

Г.Б. Кучикова, А.В. Заика, Т.В. Егорова, Г.С. Амирова қатысқан курстардың теориялық бөлімі қосымша білім берудің өзекті жақтарын. Сонымен қатар «Рухани жаңғыру» бағдарламасын халық музыкасының көмегімен жүзеге асырудың мүмкіндіктері, аттестация ережесіне енгізілген жаңалықтар және т.б. сөз болды.

 

Т.В.Егорова, Г.Н.Рядинская, Г.В.Петрова өз баяндамаларын балаларды орыс халық аспаптарына үйрету кезінде біліктілік пен дағдыны игерту технологиясын пайдалануға арнады. Гитарашылар ансамблі дыбысының сапалы шығуына қол жеткізудің сырымен В.П.Михайленко бөлісті. В.Н.Фисенко музыкалық білім берудегі ұрпақтар сабақтастығы туралы әңгімеледі. Балалайка сыныбы бойынша оқытушы – аталған сала бойынша Қазақстандағы жалғыз маман деуге болатын С.А.Заберезников тыңдаушыларды балалайка бойынша білім алушыларға арналған өзінің лицензияланған, репертуарында автордың шығармалары лайықты орын алған оқу-әдістемелік құралдар сериясымен таныстырды.