Жаңа жылға арнау
“В лесу родилась елочка” әнінің жазылу тарихы
Ең танымал жаңа жылдық әндердің бірі – «В лесу родилась елочка». 2015 жылы ол өзінің 115 жылдығын атап өтті.
Ол революциялардан, соғыстардан және экономикалық дағдарыстардан оңай аман қалды.
1905 жылға дейін Ресей империясында басты жаңа жылдық музыка Чайковскийдің "Щелкунчигі" болғандығы белгілі. Бірақ содан кейін "Елочка" пайда болып, ол орыстың ұлы композиторының туындысын ығыстырып тастайды.
Мәскеу, 1905 жыл, ереуілдер басталды, биология ғылымдарының кандидаты Леонид Карлович Бекманның үйінің айналасында үнемі неше түрлі адамдар жүрді, трамвайлар жүрмеді, анда-санда зауыттар мен фабрикалардың дыбыстары естіледі, кейде оқтардың ысқырығы да естіліп қалады.
Осыдан біраз уақыт бұрын Леонид Бекман қызы Вераға "Малютка" журналын сатып алды. Одан ол "Елка" өлеңін көрді.
Бекман фортепианоға отырды да ойнай бастады. Содан кейін ол қызымен бірге жаңадан жазылған әнді айта бастады.
Ғалымның өзі асығыс жазылған музыкаға көп мән бермеді, бірақ оның әйелі Елена Александровна (ол Мәскеу консерваториясын алтын медальмен бітірген, Сергей Рахманиновпен дос болған) әуенді мақтап, жазуға кеңес берді. Бекман күліп: "Қажет емес, мен тіпті нотаны да білмеймін",-деді.
Болмағасын Елена Александровна өзі дәптер, сия алып, шығарылған әуенді мұқият жазып алды.
Келесі жылы Бекманның қызы бұл әнді отбасы достарының мерекесінде орындап берді. Әннің ұнағаны сонша, достары ноталар мен сөздерді жазып беруді өтінді. Сол жылы Леонид Бекман "Ёлочканы" оннан астам рет көшіріп жазды, ал 1907 жылы әнді бүкіл Мәскеу шырқады. Леонид пен Елена Бекман кейінірек "Верочкины песенки" жинағын шығарды, онда "В лесу родилась елочка" да болды.
Революция кезінде көптеген "буржуазиялық" әндерге тыйым салынған кезде, "Ёлочка" іс жүзінде балалар әнұранына айналды.
Ұзақ уақыт бойы КСРО-дағы ең танымал жаңа жылдық өлеңнің авторы кім екенін ешкім білмеді.
КСРО Жазушылар одағының қалай құрылғаны туралы аңыз бар. Бұл алғашқы Горький тобы болды, оған тек ең танымалдар – Федин, Фадеев, Паустовский, Бабель және т. б. кірді.
Біраз уақыттан кейін, Одақ ұйымдастырылған кезде, егде жастағы әйел Горькийдің кабинетіне кіріп, жазушылар ұйымына кіргісі келетінін айтады.
Горький сұрайды:
- «Сіз не жаздыңыз?»
–Тек балаларға арналған жұқа кітаптар, журналдарға әңгімелер жазамын.
–"Кешіріңіз, қымбаттым, біздің Жазушылар одағы – бұл маңызды ұйым. Біз онда роман, повесть, поэма жазатын адамды қабылдаймыз", - деп түсіндірді Алексей Максимович.
– Жоқ, демек жоқ, - деп есікке бет алған ол кенет кейін бұрылды да: - Мүмкін сіз менің бір өлеңімді естіген шығарсыз? деп сұрады.
– Қандай?
– Мысалы:
“В лесу родилась ёлочка,
В лесу она росла,
Зимой и летом стройная,
Зелёная была”.
Горький:
– Мұны сіз жаздыңыз ба?! (Ол кезде бұл бірнеше ұрпақ тәрбиеленген жалғыз танымал балалар әні болатын).
– Иә, мен. Ол осы өлең жазылған, бірақ А. Э. деген бүркеншік атпен жарияланған ғасырдың басындағы "Малютка" журналын көрсетті.
– Өтініш жазыңыз! Сіз КСРО Жазушылар одағының мүшесісіз!
"В лесу родилась елочка" әнінің авторы Раиса Адамовна Кудашева (1878-1964) революцияға дейін тәрбиеші және мұғалім болып жұмыс істеді. Өз атымен алғаш рет 1941 жылы басылды.
Раиса Адамовна "Ёлочканың" әнге айналғанын білген жоқ. Тек 1921 жылы ол пойызда бара жатқанда кездейсоқ қыз баланың өзінің "Ёлочкасын" айтқанын естіп қалады. Өлең 1941 жылы соғыс басталар алдында "Ёлка" жинағында қайта басылып шықты. Жинақты құрастырушы Эшфир Эмден өлеңнің авторын арнайы іздеп тауып, мәтінде Кудашеваның тегін көрсетті.