Аналитикалық ақпарат
Бірінші сынып оқушыларының музыка мектебіне бейімделуі
Бірінші сынып оқушыларының музыка мектебіне бейімделуі – бұл балалар мен олардың ата-аналары ерекше қиындықтарға тап болатын қызықты және маңызды оқиға. Музыкалық білім балалардың өмірін байыта түсетіні сөзсіз, бірақ ол сонымен бірге темірдей тәртіп пен еңбекқорлықты талап етеді.Көптеген оқушылар 6-8 жастағы психологиялық дағдарыс жағдайында жаңа білім беру талаптарына бейімделу барысында үлкен қиындықтарды бастан кешіреді: денсаулығы нашарлайды (көру қабілеті бұзылады, тірек-қимыл аппараты бұзылады және т.б.), танымдық жұмыстарына қызығушылығы төмендейді және оқу үлгерімі нашарлайды.
Бірінші сынып оқушысының бейімделуі көбінесе оның жаңа ортаға, жаңа педагогтар мен балалар ұжымына тап болуымен, музыка мектебінің ерекше шығармашылық өміріне енуімен байланысты болатын эмоционалдық жағдаймен және күйзеліспен күрделене түседі. Бірақ іс жүзінде баланың мектепке бейімделу кезеңі әлдеқайда ұзақ уақытқа созылады, көбінесе БММ алғашқы музыкалық білім алудың бүкіл кезеңін алады.
Музыка мектебіне бейімделген бірінші сынып оқушысының негізгі критерийлері:
- музыка мектебіне деген оң көзқарас;
- мұғаліммен тіл табыса білу;
- музыкалық материалды оңай меңгеру;
- өз бетінше жұмыс істеуге ұмтылу.
Бірінші сынып оқушыларының музыка мектебіне бейімделуін талдау үшін оқушылардың ата-аналары арасында сауалнама жүргізілді. Зерттеуге 86 ата-ана қатысты.
«Балаңыз музыка мектебіне қуана барады ма?» деген бірінші сұраққа 69 ата-ана «қуана барады», 10 адам «аса құлқы жоқ» деп жауап берген, 6 ата-ана жауап беруге қиналыс білдірген.
68 ата-ана баламыз музыка мектебіндегі мектеп тәртібіне бейімделіп, жаңа тәртіпті қалыпты дүние ретінде қабылдайды деп есептесе, 17 ата-ана «онша емес» деп есептейді, 1 ата-ана баланың бейімделуі қиын болып жүргенін көрсеткен.
«Балаңыз оқудағы жетістіктері мен сәтсіздіктеріне алаңдай ма?» деген сұраққа ата-аналар келесідей жауап берді: 59 ата-ана «иә», 6 адам «жоқ деуге болады», 10 адам «соншалықты алаңдамайды» және 11 ата-ана «жауап беруге қиналамын».
«Балаңыз сізбен музыка мектебі туралы алған әсерімен жиі бөлісе ме?» деген келесі сұрақтың жауабына сүйене отырып 65 бала белсенді түрде бөліседі, 18 бала кейде бөліседі және 3 бала өз әсерлері туралы айтпайды деген қорытынды жасауға болады.
Ата-аналардың пікірінше, 75 баланың бойында жағымды әсер көбірек қалыптасқан, 10 бала жағымды және жағымсыз әсерлер шамамен тең деп көрсеткен, 1 баланың жағымсыз әсер алғаны белгілі болды.
«Бала музыка пәнінен үй тапсырмасын орындауға орта есеппен қанша уақыт жұмсайды?» деген сұрақтың жауабынан бұл үшін күніне 15 минуттан 60 минутқа дейінгі аралықта уақыт кететіні белгілі болды, 3 ата-ана үй тапсырмасын орындау үшін күніне 2 сағатқа жуық уақыт кететінін көрсеткен.
«Бала оқудағы қиындықтарды қалай жеңеді?» деген сұраққа 47 ата-ана балалардың көмекке жүгінетінін, 22 бала қиындықтарды жеңуде табандылық көрсететінін, 13 бала өздері жеңуге тырысатынын, бірақ берілуі мүмкін екенін, 2 бала қиындықтарға бірден берілетінін және 2 ата-ана жауап беруге қиналатынын көрсеткен.
Келесі сұрақ «Бала музыка мектебінің мұғалімдеріне шағымданады ма?» болды және келесідей жауап алынды: 64 ата-ана «жоқ, шағымданбайды», 7 ата-ана «болады, бірақ сирек» деп жауап берген, 13 ата-ана «шағымданбайды деуге болады» деген жауапты таңдаған, 1 баланың жиі шағымданатыны белгілі болды және 1 ата-анаға жауап беру қиынға соққан.
«Бала оқу жүктемесін қиналмай орындай ма?» деген сұраққа келесідей жауаптар алынды: 72 ата-ана «иә, орындай алады» деп санайды, 5 ата-ана «жоқ деуге болады» деген жауапты таңдады, 1 бала жүктемені орындай алмайды және 8 ата-анаға жауап беруге қиналады.
Сауалнама 4 ата-ана баласының шаршағанына немесе басының ауырғанына шағымданатынын көрсеткен, 82 адам жауаптың «кейде» деген нұсқасын таңдаған.
Ата-аналардың жауаптарына сүйене отырып балалар жалпы білім беретін және музыка мектептеріндегі сабақтар арасындағы бос уақыттарын ойнаумен, кітап оқумен өткізеді, таза ауада серуендеп, құрдастарымен араласады деуге болады. Сондай-ақ ата-аналар балалардың қосымша сабақтар мен секцияларға қатысуын да көрсетті. Ата-аналардың бірі баланың бос уақыты жоқ екенін атап өткен.
Қорытынды.
-
Зерттеу бірінші сынып оқушылары ата-аналарының жауаптары негізінде балалардың бейімделуі жақсы деңгейде жүріп жатқанын көрсетті.
-
Бірқатар ата-ана (7 адам) баланың оқуға деген құштарлығы жоғалып кете ме деп алаңдайды.