Өзін-өзі оқшаулау – бұл екі негізгі уайымды: болашақтан қорқуды және бүгінгі күннің күйзелісін, атап айтқанда аурудың қаупін ойлауды тудыруы мүмкін ауыр және қиын кезең. Бұл уақытта барлық отбасы мүшелері жабық кеңістікте болғандықтан бәрі де ашушаң болуы мүмкін.

 

Мұндай жағдайларды жеңудің ең тиімді әдісі – бұл осы кезде барлығына қиын екенін, қажетті нәрселерге қол жете бермейтінін немесе ештеңені болжау мүмкін еместігін айта бермей, не істеу керектігін және не істесе жақсы болатынын ойластыру.

 

 Сондықтан сіз келесі ұсыныстарды пайдалана аласыз:

 

  1. Медиа хабарламаларын үнемі тыңдай бермеңіз; коронавирусқа арналған уақытты шектеңіз (күніне белгілі бір уақытта 10-30 минут бөліңіз); басқа істеріңіз бен шаруаларыңызды істей беріңіз.

 

  1. Өзіңіздің мазаңызды кетірген ойларыңызды олардың пайдалылығы мен нәтижелілігі тұрғысынан бағалаңыз; конструктивті түрде не істей алатындығыңызды және уақыт пен күш-жігерді босқа ысырап ететіндігіңізді ажыратып алыңыз. Сіз гигиена және өмір салты санатындағы кейбір маңызды нәрселерді басқара аласыз (қолды жуу, тамақтану, жаттығу, оқу тапсырмаларын орындау) және дәл осыған назар аударған жөн.

 

  1. Ең алдымен, өзіңіздің және баланың әдеттегі күн тәртібі мен ырғағын (ұйқы және ояту уақыты, сабақтың басталу уақыты, олардың ұзақтығы,

«үзілістер» және т.б.) сақтау және қолдау қажет. Күн режіміндегі күрт өзгерістер баланың бейімделу мүмкіндіктерін айтарлықтай қайта құруға және шамадан тыс қобалжу мен күйзеліске әкелуі мүмкін.

 

  1. Баланың ата-анасы мен жақындарының өздері болып жатқан жағдайға сабырлық танытуы қажет, түсіністікпен және сыни тұрғыдан қараулары керек. Баланың эмоционалды жағдайы ересектердің (ата-аналардың, жақындардың) жағдайына тікелей байланысты.

 

  1. Өзіңізді сабырлы және ұстамды ұстаңыз, балалардың вирус туралы және т.б. сұрақтарына жауап беруден қашпаңыз, бірақ пандемия жағдайы мен оның қауіп-қатерін ұзақ талқыламаңыз.

 

  1. Балаларды қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша мектептен алған ұсыныстарды түсінуге тырысыңыз. Тек сынып жетекшісінен және мектеп әкімшілігінен алатын ресми ақпаратқа назар аударыңыз. Мектепке де бұл жұмысты ұйымдастыруға уақыт қажет.

 

  1. Оқушылардың ата-аналары мен жақындары егер баламен бірге олардың кейбіреуін «игеруге» тырысса, онда қашықтықтан оқытудың тартымдылығын арттыра алады. Мысалы, сіз балаға сұрақтар қоя аласыз, пікірталасқа қатыса аласыз, сонда сабақ қызықты, танымдық ойынға айналады. Бала үшін бұл мотивацияны арттыру мүмкіндігі болса, ата- аналар балаларын жақсы білетін және түсінетін болады.

 

  1. Үйде мәжбүрлі болу кезінде сізге және балаға жақын әлеуметтік ортамен байланыста болу маңызды (телефон, мессенджер арқылы), бірақ алынатын жалпы ақпарат көлемін (жаңалықтар, әлеуметтік желілердегі жүгіртпе жолдар) азайту қажет. Жақындарыңызбен қарым-қатынас кезінде коронавирусқа арналған тақырыптарға және басқа да алаңдаушылық тудыратын тақырыптарға назар аудармауға тырысыңыз.

 

  1. Жақын адамдарыңызбен қарым-қатынас жасау үшін балаңызға

«ақпараттық шуға», кейде жалған ақпаратқа толы әлеуметтік желілерден аулақ болуға кеңес беріңіз. Өзіңіз бір мессенджерді таңдап алыңыз (мысалы, Telegram, WhatsApp, Viber) және маңызды әңгімені сонда көшіруге тырысыңыз. Мессенджерлердегі кезкелген чатты үнсіз режімге қоюға болады және қажет болған жағдайда ғана оған кіруге болады.

 

  1. Баланың өз бетінше белсенді болатын (оны барлық уақытта ойнатудың немесе бірдеме істеудің қажеті жоқ) және үлкендермен бірге жұмыс істейтін кезеңдерін қарастыру керек. Басты идея үйде болу «жаза» емес, жаңа қызықты істер үшін жаңа дағдыларды игерудің, білім алудың ресурсы болуы қажет.

 

  1. Үйде отырып бала сыныбымен, достарымен (қоңыраулар, ВК, топтық чаттар) сөйлесуді жалғастыра алады. Ата-аналар виртуалды байқауларды (мысалы, оң мемдер және т.б.) және басқа да оң іс-әрекеттерді өткізу идеяларын ұсына алады. Мысалы, жасөспірімдерге өздеріне ұнайтын тақырып бойынша (спорт, музыка, кино, аспаздық) өз бейнеблогтарын жүргізуді бастауға кеңес беруге болады.

 

Қазір нағыз бір-біріне эмоционалды қолдау көрсетуді, бір-біріне қамқорлық жасауды үйренетін уақыт. Бұл серіктестер секілді бір-біріне сын айтпай, қысым жасамай және өктемшілдік танытпай келісе білуді үйрену уақыты. Бір-біріне құрмет көрсетуді, ризашылық білдіруді, балаларға

«рахмет» айтуды, қателескен кезде олардан кешірім сұрауды, адал және икемді болуды үйрену уақыты. Бұл өзін-өзі жетілдірудің уақыты. Дендеріңіз сау, көңіл күйлеріңіз көтеріңкі болсын!