Балалар музыка мектебі оқушыларының
үй тапсырмаларын ұйымдастыру
Оқу жылының басында мектепте бірінші сынып оқушыларының ата-аналарымен кездесу ұйымдастырып, олармен әңгімелесу керек: оларды музыкалық оқу орнының ерекшеліктерімен, тәртібімен, жағдайымен және міндеттерімен таныстыру қажет. Мұндай кездесу әр оқушының отбасымен жақынырақ танысуға, олардың мәдени деңгейін білуге және осыған орай белгілі бір жоспарлар құруға мүмкіндік береді.
Музыкалық білімі жоқ ата-аналардың көпшілігі баласын бұл оқу орнында не күтіп тұрғанын толық түсінбейді және музыка мектебінің жұмыс жүйесінде белгілі бір ерекшеліктер бар екенін білмейді. Олардың кейбіреулері музыка мектебіне жалпы білім беретін мектеп сияқты қарайды және солай ойлайды.
Жалпы білім беретін мектеп пен музыка мектебі арасындағы айырмашылық неде, баланың оқу үрдісін ұйымдастыру жүйесіндегі оның мәні қандай? Бұл мәселеде толығырақ тоқталу керек. Жалпы білім беретін мектепте сабақтар топтармен өткізіледі, балалар күн сайын 4-5 сағат мектепте болады және сабақтар негізінен мектепте өтеді. Музыкалық мектепте сабақтар әр баламен жеке-жеке өткізіледі. Мамандығы бойынша мұғалім баламен 45 минуттан аптасына екі рет қана кездеседі. Сондықтан негізгі жұмыс үйде, сабақ барысында мұғалімнен алынған нұсқауларды басшылыққа ала отырып жүргізіледі. Тәртіпті, сабаққа ұқыпты бала үйде жұмыс істеу кезінде немен және қалай айналысу керектігін біледі. Сабаққа селқос қарайтын бала, үйде ештеңе істемей, аспапты айналдырумен уақытты босқа өткізеді.
Еңбекқорлық, зейін, ақыл-ой қабілеті музыкалық білім беруге қажетті және баланы мектепке қабылдау кезінде тексеру мүмкін емес қасиеттер болып табылады. Бұл қасиеттерді ата-аналар мектепке дейінгі жаста дамытулары керек.
Іс жүзінде біз баланың қабылдау кезінде «өте жақсы» деген баға алатынына, алайда оқу барысында өзін көрсете алмайтынына, сабаққа үлгірмейтініне куә боламыз. Бұл баланың музыкалық қабілеті болғанымен ақыл-ойдың басқа қажетті компоненттерінің болмауымен түсіндіріледі. Ерік-жігердің, шыдамдылықтың, табандылықтың, қызығушылықтың, ең бастысы музыкаға деген үлкен құштарлықтың болуы аса қажет. Мұның бәрі баланың бойына ерте жастан сіңіріледі. Сондықтан да баласының бас тәрбиешісі болып табылатын ата-ананың рөлі өте үлкен.
Негізгі жұмыс үйде жүргізілетін болғандықтан мектепке түскен баланың жұмысына бақылау жасап отыру қажет. Тиісті жағдай жасау керек. Баланы сабақтан ештеңе алаңдатпауы үшін аспап тұрған бөлме тыныш болуы керек.
Аспап күйіне келтірілген болуы тиіс. Сабақтың уақытын бөлуге көмектесу керек. Көпшілік жағдайда балалар музыкамен айналысуды жалпы білім беретін мектептің сабақтарымен бір уақытта жүргізбек болады, тәжірибесі аз болғандықтан күннің режімін дұрыс ұйымдастыра білмейді.
Бала күніне 30 минуттан 2-3 рет (сабақтың бастапқы кезеңінде) айналысатындай етіп музыка сабақтарына белгілі бір тұрақты сағаттар бөлу керек.
Зейіні жаттықпаған, жаттығуға оған бар көңілін бөлмеген баланың шыдамы 10-15 минуттан аспайды, сондықтан сабақтың уақытын біртіндеп көбейту арқылы оның төзімділігін дамыту қажет. Қалжырауға жеткізбей, толық шаршағанға дейін жұмыс істеу керек.
Баланың ой өрісі түрлі әсерлер алудан байи түсуін ойластыру керек. Бұл музыкалық өнерде өте қажет, ойларды емес, сезімдерді білдіретін сезімталдықты дамытатынын естен шығармау қажет. Оқушының аспаптағы енжар, қызықсыз ойыны – нашар дамыған сезімталдықтың нәтижесі.
Баланың музыкалық сабақтарға шындап кірісуін тәрбиелеу керек. Бұл іске ойын-сауық немесе көңіл көтеру амалы ретінде қарауға болмайды. Мұндай көзқарас музыкалық тәрбие музыкалық ойындарға негізделген балабақшада ғана жарамды болуы мүмкін.
Музыкамен танысудан басқа аспапты меңгеру дағдыларын игеру бойынша сабақтар өткізілетін музыкалық мектепте бұл сабақтарға белгілі бір еңбек ретінде, оның үстіне үздіксіз жаттығуды, күшті, ерік пен жігерді қажет ететін еңбек ретінде қарауды дамыту қажет.
Бала музыка мектебіне барғаннан кейін үйде бірден «Огинскийдің Полонезі» естілетін болады деп ойлаудың қажеті жоқ. Көптеген ата-аналар мұны сабақтың алғашқы күндерінен бастап күтеді және олардың қызы немесе ұлы бір нәрсені, оның үстіне еш түсініксіз бірдемені «қайталай беретініне» қатты таң қалады.
Бірдеңе ойнамас бұрын белгілі бір ойын дағдылары мен қимылдарын игеру керек екенін білу керек. Олар белгілі бір әдістерді бірнеше рет қайталау арқылы, алынған дыбыстардың интонациясын мұқият тыңдап, осы уақытта осы қимылдарды бақылау арқылы келеді, содан кейін ғана жақсы дыбыс шығару әдеттегі іске айналады. Мұның бәрі бір сәтте және бірден бола қалмайды.
Бірнеше рет қайталанатын кез келген дыбыстық тізбекті тыңдай беру жағымсыз екені рас, бірақ оқушының өзі де, баласының музыкамен айналысуына үнемі куә болатын ата-ана да шыдамдылық танытуы керек.
Оқушы сабақ істеп жатқан кезде ата-ана араласпауы керек, өйткені орынсыз ескертулер жұмысқа тек зиянын тигізуі мүмкін. Мысалы: мұғалім оқушыға белгілі бір әдісті әр қолмен жеке-жеке ойнауды тапсырды, ал үйдегі ата-ана «пианиношылар ешқашан бір қолмен ойнамайды» деп баланы екі қолымен ойнауға мәжбүрлейді. Ата-ананың оқушымен байланысы үнемі жүргізілуі керек. Ата-аналар оқушының күнделігін қадағалап, апта сайын белгілі бір кестеге қол қойып отыруы керек.
Күнделікте оқу үрдісі нақты көрсетілген, одан мұғалім жұмысының негізгі бағыты көрінеді. Күнделікке бағалар қойылады. Бағалау нашар болған жағдайда ата-ана осы «дабыл» сигналына жауап беріп, балаға жіберілген кемшіліктерді уақытында түзетуге көмектесу үшін дереу мұғаліммен байланысуы керек. Күнделікте жиналыстарға шақырулар, концерттерге шақырулар жазылады және басқа да ескертулер жасалады. Күнделік – бұл оқушының құжаты, сол арқылы оның жұмысын бақылау жүзеге асырылады.
Еріншек және мұғалімнің талаптарын үнемі орындай бермейтін балалар бар. Мысалы, кейде мұғалім әр әнді 10 рет ойнау керек деп жазады, бірақ ол «10-шы рет ойнағысы келмейді». Бұл жерде ата-ана мәжбүрлі шараларға жүгінбестен, балаға байқатпай тапсырманы орындауға көмектесе алады.
Нашар тамақтанған баланы тойдыру үшін әкесі үшін, анасы үшін, әжесі үшін және т.б. үшін жеуін өтінеді ғой. Ал музыкада одан әкесі үшін бір рет, анасы үшін бір рет, әжесі үшін бір рет және т. б. үшін ойнауды сұрауға болады. Және бұл жағдайда басқа мақсатқа осы тәртіппен қол жеткізуге болады. Егер бала өз жұмысына қандай да бір қызығушылық танытатынын көрсе, ол үлкен ықыласпен жұмыс істейді.
Үйде үйренген әндерді уақыт аралатып ойнап отыру керек. Орындаушы музыканттар туралы әңгімелесулер өткізу, теледидардағы музыкалық бағдарламаларды тыңдау қажет. Музыка мектебіндегі оқушылар мен ата-аналар үшін ұйымдастырылатын концерттерге міндетті түрде қатысу керек. Ноталардан және басқа да музыкалық әдебиеттерден тұратын музыкалық кітапхана ашу керек.
Мұның бәрі бірігіп балаларды музыкаға баулиды және жақындата түседі, сабаққа деген қызығушылықты арттырады.