Қымбатты достар, бүгін біз Аустрияға саяхатқа шығамыз. «Волшебная флейта» атты сиқырлы опера-ертегісінің ішіне еніп, оның атақты авторы Вольфганг Амадей Моцартпен танысамыз. Сапарларыңыз сәтті болсын!
Вольфганг Амадей Моцарт – аустриялық композитор және шебер музыкант. Ең танымал классикалық композиторлардың бірі. Замандастарының айтуынша Моцарттың музыкалық есту, есте сақтау және шығарманы аяқ астында шығару қабілеті керемет болған.
XVIII ғасырдағы көптеген композиторлардан айырмашылығы Моцарт өз заманының барлық музыкалық формаларында жұмыс істеп қана қоймай, оларда үлкен жетістікке жетті. Оның көптеген шығармалары симфониялық, концерттік, камералық, опера және хор музыкасының жауһарлары ретінде танылған. Гайднмен және Бетховенмен бірге Вена классикалық мектебінің маңызды өкілдеріне жатады.
В. А. Моцарт үнемі неміс тілінде орындалатын ұлттық опера құруды армандаған. Қайтыс боларынан аз уақыт бұрын ол өзінің идеялары мен ойларын жүзеге асыра білді – ол өзінің бүкіл шығармашылық жолын тамаша түйіндеген «Волшебная Флейта» опера-ертегісін жазды. Либреттоны Виландтың «Лулу, или Волшебная флейта» ертегісін негізге ала отырып Иоганн-Эммануэль Шиканедер жазды.
Сіз білесіз бе?
• Зингшпиль, ол жазылған жанр «халық әні» деп аударылады.
• «Волшебная Флейта» қойылымынан алынған ақшаға 1801 жылы Шиканедер серіктесі Бартоломеус Циттербартпен бірге кейін әлемдегі ең ірі және ерекше театрлардың біріне айналған «An der Wien» театрын ашты.
• «Волшебная флейта» Моцарттың соңғы операсы болды, ол көрермендерге алғаш рет 1791 жылы 30 қыркүйекте – автор қайтыс болғанға дейін шамамен 2 ай бұрын көрсетілді. Маэстроның өзі оркестрге дирижерлік етті, ал либреттошы Эмануэль Шиканедер Папагено рөлін шырқады.
• «Волшебная флейта» партитурасындағы әртүрлі формалар мен музыкалық сәттерден сол кездегі композиторлардың, соның ішінде одан да ертеректегі Бахтың, Глюктің, Клементидің көптеген шығармаларына тән стильдерді және дәл дәйексөздерді табуға болады.
• И. С. Гетеге шығарма мазмұнының қатты әсер еткені соншалық, ол «Волшебная флейтаның» жалғасын жазғысы келді.
Көргендеріңіз көңілдеріңізден шықсын!