«Ұлы даланың ұлы музыкасы. Абай – Семей»🎬🎬🎬
Қымбатты достар, біз апта сайынғы «Музыкалық кинозал» айдарында музыкалық географияны меңгеруді жалғастырамыз.
Бүгін біз еуропалық музыка мәдениетіне, әсіресе опера және симфониялық жанрлардың дамуына айтарлықтай әсер еткен операның ірі реформашысы – неміс композиторы және дирижері Вильгельм Рихард Вагнердің шығармашылығымен танысамыз.
Вильгельм Рихард Вагнер керемет музыка жазып қана қоймай, өнер теориясының дамуына үлкен үлес қосты. Қазір, екі ғасырдан кейін де оның шығармалары бүкіл әлемнің консерваторияларында шырқалуда, ал оның өзі жас музыканттардың көптеген ұрпақтары үшін үлгі тұтар тұлға болып келеді.
Әрі қарай Қазақстанның кең байтақ даласына оралып, ұлы Абайдың есімімен тығыз байланысты Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласына аттанамыз. Дәл сол жерде ол Ахмет Ризаның медресесінде, шіркеу училищесінде білім алды, Қазақстандағы Н. Гоголь ат. алғашқы қоғамдық кітапханаға барды. Абай достарымен кездесу үшін, кітапханада кітап оқу үшін Семейге өмір бойы барып тұрды.
Абай Құнанбаев – қазақ ақыны, композитор, ағартушы, ойшыл, қоғам қайраткері, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы және оның бірінші классигі, білімі мен мәдениеті дамыған ислам негізінде еуропалық мәдениетке жақындауды қолдаушы.
Абайдың шығармалары қазақстандық жас ұрпақты өз халқына қызмет етуге шабыттандырады, олардың ағартушылыққа, білімге деген ынтасын, ұлттардың мәдениет арқылы дамуына деген ұмтылысын қолдайды.
Олар қашанда өзекті. «Мыңмен жалғыз алысқан» Абайдың өмірі –ұрпақтар үшін ақиқат пен әділдікті табанды іздеудің үлгісі. «Өнер алды – қызыл тіл» деп білген Абайдың өзі поэзияның патшасы болды, өз ұстанымына сәйкес әкесінің ғана емес, өз халқының ғана емес, барша адамзаттың ұлы болды.