Өнер әдістемелік бірлестігі:
«Көркем өнер сабақтарында жасанды интеллектті қолдану: шығармашылық қабілетті дамытудағы заманауи цифрлық платформалар мен әдістемелік тәсілдер»
Мақсаты
Көркем өнер сабақтарында жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді қолдану арқылы білім алушылардың шығармашылық ойлауын, көркемдік талғамын және цифрлық сауаттылығын дамытуға бағытталған заманауи әдістемелік тәсілдерді айқындау. Сонымен қатар, мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттырып, көркем өнерді оқытуда инновациялық цифрлық платформаларды жүйелі қолдану жолдарын ұсыну.
Міндеттері
Көркем өнерді оқытуда жасанды интеллекттің рөлі мен мүмкіндіктерін анықтау;
Шығармашылық қабілетті дамытуға бағытталған заманауи цифрлық платформаларды зерделеу және тәжірибеде қолдану жолдарын көрсету;
Жасанды интеллект құралдарын сабақ барысында тиімді пайдаланудың әдістемелік тәсілдерін ұсыну;
Оқушылардың шығармашылық белсенділігін, қиялын және өзіндік ойлау қабілетін дамытуға жағдай жасау;
Көркем өнер сабақтарында цифрлық технологияларды қолдану арқылы оқыту сапасын арттыру;
Мұғалімдер арасында тәжірибе алмасуды ұйымдастыру және инновациялық педагогикалық идеяларды тарату.
![]() |
|
|
| Шакенова Балганша Ашуовна, музыка пәні мұғалімі | Мусина Галия Кажматовна, көркем еңбек пәні мұғалімі | Макатов Артур Калиевич, көркем еңбек пәні мұғалімі |













