6 қазанда Балалар музыкалық мектебінің камералық залында «Рухани Жанғыру» бағдарламасының аясында оқытушылар М.Г.Романова мен О.Г.Судакова оқушыларының Қарттар күніне арналған көрме-концерті болып өтті. Концертте қостанайлық суретші Екатерина Севицкаяның суреттері көрмеге қойылды.  

 

Ең мейірімді көрермендер: ата-аналар, сондай-ақ кештің басты кейіпкерлері – тәрбиеленушілердің әжелері мен аталары әрбір жас орындаушыны қуана қарсы алды. Концерттің бағдарламасы стильдер мен жанрлардың әр алуандығымен таңдандырды. Оқушылар әртүрлі практикалық дағдыларды: жеке орындаушыларды, фортепиано ансамбльдеріне қатысушыларды, камералық ансамбльдердің концертмейстерлері мен вокалшыларын көрсетті, кейбіреулері әндерін өздері сүйемелдеді.

 

Шығармашылық есеп барлық қатысушылардың көңілінен шығып, мерекелік көңіл күй сыйлады және бұл шара оқушылардың музыкалық аспапқа деген құштарлығын, оларды көбірек ойнауға деген ынтасын арттыра түсті деп үміттенеміз.