Қостанайда үшінші жыл қатарынан 1-2 желтоқсанда музыка мектебінің қабырғасында  2 республикалық байқау: үміткер жас музыканттардың «Kostanay music start - 2018» және музыкалық аспапта орындаушылардың «Kostanay music games - 2018» байқаулары өткізілді. 

 

Өнер бәйгесінен шығармашылық шабыт алған 200 астам қатысушы мен шығармашылық ұжымдар орындаушылық шеберліктері мен музыкалық таланттарын көрсетуге тырысып бақты.

 

Байқаудың нәтижесінде қостанайлық тәрбиеленушілердің көпшілігі лайықты нәтиже көрсетті және сырттан келген қатысушылардың арасында үздік көрсеткіштерге қол жеткізді. 42 бірінші, 20 екінші және 23 үшінші орынды иеленген 86 тәрбиеленуші республикалық байқаулардың лауреаттары атанды. Байқаудың жаңалығы болған «Примулы» домрашылар триосы (жетекшісі Татьяна Егорова, концертмейстері Вера Прохорова) қосымша сый ретінде «Таланты 21 века» халықаралық байқауына тегін қатысу құқығына ие болды.