15 желтоқсанда «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында мектептің концерт залында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған концерт болып өтті. Концерт хордың, қазақ халық аспаптары, скрипкашылар, фольклор ансамбльдерінің, домрашылар триосының және жеке орындаушылардың тамаша өнер көрсетуімен өтті. Шара барысында сөз сөйлеген мектеп директоры Г.Б.Кучикова қатысушыларды еліміздің басты мерекесімен құттықтап, Қазақстан  мен мектебіміздің тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген жетістіктерін атап өтті және ерекше көзге түскен оқушылар мен олардың тәлімгерлерін марапаттады.