Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында қазақстандықтардың санасын отандық білімнің көмегімен ояту аса маңызды болып табылады.

 

Анықталған міндеттерді орындау жолында «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 1 Балалар музыкалық мектебі» МКҚК оқытушылары белсенді жұмыс істеп жатыр.

 

2019 жылдың 8 қаңтарында Балалар музыкалық мектебінде Қостанай қ. эстетикалық цикл мұғалімдеріне арналған әдістемелік шара:  «Озық тәжірибелер мен технологияларды қолдану арқылы шығармашыл тұлғаның бәсекеге қабілеттілігін дамыту» тақырыбымен Озық тәжірибе мектебі және «Аттестацияға дайындық кезіндегі педагогтардың әдістемелік материалын жүйелеу» дөңгелек үстелі өтті.

 

БММ аттестациядан өтетін оқытушылары өз баяндамаларында қазіргі кездің өзекті мәселелерін көтерді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын басты бағыт етіп алған педагогтар көп жылдық жұмыс тәжірибесін ортаға салды,  өскелең ұрпақты музыкалық білімнің көмегімен қалайша бәсекеге қабілетті шығармашыл тұлға етіп шығарудың сырымен, білімді және мәдениетті жасты қалыптастырудың әдісімен бөлісті, өздерінің тәрбиеленушілерінің орындаушылық шығармашылықтарын көрсетті, қазіргі кездің оқушыларымен жұмыс істеу барысында нәтижеге қол жеткізудің әдістері туралы әңгімеледі.

 

.