Жаңалықтар

2019 ж. 18.05. БММ концерт залында оқытушылар С.В.Ким мен П.В.Латышев сыныптары оқушыларының есеп беру концерті өтті. Түрлі стильдер мен жанрларда жазатын композиторлардың туындылары орындалды. Концерт көңілді және есте қаларлықтай болды. Барлық музыкалық нөмірлерге дуылдата соққан қол шапалақпен қолдау көрсетілді.   

24 сәуірде «Қостанай қ. әкімдігі білім бөлімінің №1 Балалар музыкалық мектебі» МКҚК Қазақстан Республикасындағы Жастар жылына арналған балалар хор ұжымдарының қалалық «Хор әндері фестивалі» байқауы болып өтті.

11 сәуірде демеушілердің қаржысына салынған Жастар сарайының концерт залында Қостанай меценаттар клубының  "Қазына", "Шабыт" және арнайы сыйлықтарын тапсыру салтанаты өтті.

2019 жылдың 25 және 29 наурызы аралығында Алматы қаласында «Рухани жаңғыру» аясында жас музыканттардың – балалар музыка мектептері мен өнер мектептері оқушыларының республикалық фестиваль-байқауы өтті.

15 наурызда Балалар музыкалық мектебінің Қозыбаев көшесіндегі 37 үйде орналасқан №2 корпусында «Наурызды қарсы аламыз» атты дәстүрлі көрме-концерт болып өтті. Бұл шара 10 жылдан астам уақыт бойы А.Никифоров ат. балалар сурет мектебімен шығармашылық ынтымақтастық аясында өткізіліп келеді.

«Байқау дегеніміз қашанда талантты, дарынды балаларды табу. Біз өз жұмысымызды сырттан көре аламыз, шәкірттеріміздің деңгейлерін салыстырып, жаңа шығармаларды ести аламыз.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында қазақстандықтардың санасын отандық білімнің көмегімен ояту аса маңызды болып табылады. Әсіресе бәсекеге қабілеттілік, болжаушылық, ұлттық ерекшелікті сақтау, білімнің беделін көтеру ерекше көңіл бөлетін нысанға айналды,  тәрбие саласының сапасын қайта қараудың қажеттігі пайда болды.