Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында қазақстандықтардың санасын отандық білімнің көмегімен ояту аса маңызды болып табылады. Әсіресе бәсекеге қабілеттілік, болжаушылық, ұлттық ерекшелікті сақтау, білімнің беделін көтеру ерекше көңіл бөлетін нысанға айналды,  тәрбие саласының сапасын қайта қараудың қажеттігі пайда болды. 


Қазіргі кездің педагогикалық кәсіби білімінің және соған сәйкес маманының қандай болуы керектігін нақты және саналы түрде анықтап алу қажет.  Қоғамдық сананы жаңғырту бағыты білім беру кеңістігін ғылыми тұрғыдан ұйымдыстыруды,  білім мен тәрбие берудің ақырғы нәтижесіне баға берудің инновациялық жүйесін пайдалануды талап етеді.


Педагогикалық технологияның қазақстандық түрлері үнемі толығып отырады, оқу процесін ұйымдастырудың икемді үлгілері қолданысқа енгізіледі, білім алу барысында дамып отыратын тұлғаның өзін шығармашылық тұрғыдан көрсете білуіне басымдылық беріледі. Қазіргі кезде білім берудің түрлі идеяларын, бағыты мен үлгілерін жан-жақты игермей сауатты маман болу еш мүмкін емес.


Анықталған міндеттерді орындау жолында «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 1 Балалар музыкалық мектебі» МКҚК оқытушылары белсенді жұмыс істеп жатыр.


2019 жылдың 8 қаңтарында Балалар музыкалық мектебінде Қостанай қ. эстетикалық цикл мұғалімдеріне арналған әдістемелік шара:  «Озық тәжірибелер мен технологияларды қолдану арқылы шығармашыл тұлғаның бәсекеге қабілеттілігін дамыту» тақырыбымен Озық тәжірибе мектебі және «Аттестацияға дайындық кезіндегі педагогтардың әдістемелік материалын жүйелеу» дөңгелек үстелі өтті.


БММ аттестациядан өтетін оқытушылары өз баяндамаларында қазіргі кездің өзекті мәселелерін көтерді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын басты бағыт етіп алған педагогтар көп жылдық жұмыс тәжірибесін ортаға салды,  өскелең ұрпақты музыкалық білімнің көмегімен қалайша бәсекеге қабілетті шығармашыл тұлға етіп шығарудың сырымен, білімді және мәдениетті жасты қалыптастырудың әдісімен бөлісті, өздерінің тәрбиеленушілерінің орындаушылық шығармашылықтарын көрсетті, қазіргі кездің оқушыларымен жұмыс істеу барысында нәтижеге қол жеткізудің әдістері туралы әңгімеледі.


Қатысушылар эстетикалық цикл  мұғалiмдерiнiң қалалық ӘБ жетекшісі Л.Г.Остапенконың аттестацияға дайындық кезіндегі әдістемелік материалды жүйелеу жөніндегі, аттестацияның жаңа нысанында педагогтың портфолиосын құрастыруға қойылатын жаңартылған талаптар туралы ұсынымын қызыға тыңдады, өз беттерінше білімдерін жетілдіру үшін практикалық материалдар алды.