Ата-аналарға арналған жаднама
Интернет көбінесе шексіз ғажайыптардың орны болып көрінеді. Тінтуірді басу баланы қызықты және зерттелмеген жерлерге де, қауіпті жерлерге де алып баруы мүмкін.
Ересектерге арналған контент, тыйым салынған немесе оқудың қажеті жоқ ақпарат, алаяқтық, виртуалды қорқыту және бопсалау әсіресе 8 жастан 14 жасқа дейінгі балаларға қатты әсер етеді. Сонымен не істеу керек?
- Интернетке кіру жасы.
- Бүгінгі таңда көптеген әлеуметтік желілерде тек 14 жастан бастап тіркелуге болады, бірақ мектептің бірінші сыныбынан бастап "В Контакте" болмау қатардан қалып қойған болып саналады. Осыған қарап 8-13 жастағы балалар мен жасөспірімдердің желіге қосылуын заң емес, ата-аналар шешеді деуге болады – себебі олардың балалары 14 жасқа толғанға дейін желіге кіре ме, жоқ па ата-аналарға байланысты болады.
Тек ата-аналар ғана балаға ерекше құқық береді және сонымен бірге олардың қауіпсіздігі мен дамуына жауап береді. Олар бұл құқықты өз еріктерімен шектей алады.
Баланы 10 жасқа дейін желіден толығымен қорғау қажеттігін айта кеткен жөн. Мектепке барған алғашқы жылдары баланың әлемді тануының және тұлғаның қалыптасуының белсенді үдерісі енді ғана басталады. Соған қарамастан, сыни тұрғыдан түсіну тетіктері әлі қалыптаспаған, бала өте сенгіш – бұл жаста интернет жеке тұлғаның қалыптасуын айтарлықтай бұзуы мүмкін.
- Интернеттегі қауіпсіздікті талқылау.
Интернет қауіпсіздігі мәселелері орта және жоғары сыныптардағы информатика сабақтарында талқыланады. Бірақ компьютерде немесе телефонда жиі отыратын бастауыш сынып оқушысына интернет-алаяқтардың қаншалықты тапқыр және айлакер екенін тек сіз ғана түсіндіре аласыз.
Бала ғаламдық желіге кіре алатын сандық құрылғыны – смартфонды, компьютерді, ойын құралдарын немесе кез келген басқа нәрсені алғаннан кейін оны желідегі қауіпсіздікті үйрететін уақыт келді деуге болады. Есіңізде болсын, бұл жерде тыйым салынған тақырыптар немесе ыңғайсыз сұрақтар жоқ және болуы мүмкін емес! Егер сіз түсіндірмесеңіз, бейтаныс адам түсіндіреді!
Балаларға интернетте кездесетін барлық ықтимал қауіптер туралы егжей-тегжейлі айтып беріңіз.
Мүмкін болса – компьютерді отбасы мүшелерінің барлығы отыратын бөлмеге қойыңыз.
Түсіндіре және көрсете отырып баламен бірге компьютерде көбірек отыруға тырысыңыз.
Балаларға интернетте көрген немесе оқығанның бәрі бірдей шындық емес екенін түсіндіріңіз.
- Бағдарламалық жасақтама және ата-ана бақылауы.
Компьютерге және барлық мобильді құрылғыларға «Ата-ана бақылауы» функциясы бар жоғары сапалы антивирустық бағдарламаны орнатыңыз. Бұл онлайн-қатерлерден қорғаудың міндетті талаптардың бірі. Бақылау сізге келесідей мүмкіндіктер береді:
Тыйым салынған контенті бар сайттарды бұғаттау.
Баланың желіде болу уақытын шектеу және бақылау.
Жаңа бағдарламаларды орнатуға және іске қосуға шектеу қояды.
Баланың әлеуметтік желілерде және чаттарда хат жазысуын бақылау.
Күн сайын интернетте мыңдаған жаңа вирустар пайда болады – операциялық жүйе мен қосымшалардың қауіпсіздік жаңартуларын бақылауды ұмытпаңыз.
- Интернетті пайдалану уақытын белгілеңіз.
Сіз балаңызды үнемі бақылап отыра алмайтындығыңызға және оның жанында үнемі бола алмайтындығыңызға келісіңіз. Бірақ сіз екі жаққа да ұнайтын ережелерді орната аласыз:
Желіге кіру – егер бұл оқуға кедергі келтірмесе және отбасылық міндеттерді орындаса және күнделікті тәртіпті сақтаса ғана рұқсат ету.
Интернетті пайдалану кестесін белгілеңіз. Мысалы, мектептен кейін бала сабақ оқуы, көшеде серуендеп, үй жануарларын тамақтандыруы немесе оларды далаға шығаруы керек, содан кейін ғана гаджеттерді қарауға болады.
Уақытты шектеңіз: бастауыш сынып оқушылары үшін – күніне бір сағаттан аспауы тиіс, орта сынып оқушылары үшін – бір жарым сағаттан аспауы тиіс.
- Тыйым салулар мен рұқсат етулерді талқылаңыз.
Балаларға интернетте не істеуге рұқсат етілгенін және не істеуге тыйым салынғанын егжей-тегжейлі түсіндіріңіз:
Музыка тыңдау, фильмдер мен бейнелерді көру, онлайн ойындар ойнау.
Әлеуметтік желілерде және басқа сайттарда тіркелу.
Жедел хабар алмасу бағдарламаларын қолдану.
Музыканы, ойындарды, фильмдерді және басқа контентті сіздің рұқсатыңызсыз жүктеу.
Интернетте заттар сатып алу.
Құмар ойындар ойнау.
Баладан интернетте не көргені және не істегені туралы үнемі сұрап отырыңыз. Белгіленген ережелердің өзектілігін тексеруді ұмытпаңыз. Сіздің ережеңіздің балаңыздың жасы мен дамуына сай болуын қадағалаңыз.
- Әлеуметтік желілердегі мінез-құлық ережелері.
Егер балаға әлеуметтік желілерге кіруге рұқсат етілсе, оған қарым-қатынас мәдениеті мен ережелерін сақтау қажеттілігі туралы ескерту керек. Балалар мен жасөспірімдер көпшілік жағдайда өз ашулары мен реніштерін тежей алмайды да, сезімдерін түсініктемелерде және талқылауларда білдіріп, әңгімелесушілерді бір-біріне қарсы қояды және жалпы теріс ахуал қалыптастырады.
Ата-аналар балаға желіде күмәнді таныстар жасамау керектігін түсіндіруі керек, өйткені сүйкімді және тартымды аватардың артында қауіпті адам тұруы мүмкін.
Балаңызбен сіздің рұқсатыңыз болмаса, ол ешқашан бейтаныс адамдардың хаттарына жауап бермейтіні, хат алмасу кезінде үйдің мекенжайын, телефон нөмірлерін, банк карталарының деректемелерін, ата-аналардың төлқұжат деректерін және т. б. сияқты маңызды ақпаратты жария етпейтіні немесе хабарламайтыны туралы келісіңіз.
Әлеуметтік желілерде балаларыңызбен достасыңыз.
Ата-аналардың балалармен байланысы – бұл жасөспірімнің виртуалды өмірдегі мінез-құлқына байланысты негізгі фактор.
Әлеуметтік желіге тіркеліп, балаңызбен байланыс орнатыңыз. Онымен желіде сөйлесуге көбірек уақыт бөліңіз. Балаңызға қарапайым өмірде ғана емес, интернетте де ең жақсы дос болыңыз. Тек осылай ғана сіз балаңыздың нені ұнататынын және интернетте не істейтінін көре немесе біле аласыз.
Балаларды міндетті түрде онлайн бақылаңыз. Ара-тұра қауіпті хабарламалардың пайда болуын тексеру үшін әлеуметтік желідегі бетін қарап отырыңыз. Балаларыңыз араласатын адамдардың тізімін тексеріп отырыңыз, олармен бір-бірін білетіндеріне көз жеткізіңіз.
- Интернетке тәуелділік.
Баланың интернетке деген шектен тыс қызығушылығы интернетке тәуелділікке айналады. Бұл қол жетімді барлық уақытты интернетке ысырап ету. Бұл нашар бағалар және орындалмаған үй тапсырмалары, оқшаулану, «тірі» қарым-қатынастан бас тарту, көрудің бұзылуы, омыртқа және бас аурулары.
Мұндай жағдайда сарапшылар ата-ана махаббаты мен назарын арттыруға, бақылауды күшейтуге және балаға көбірек уақыт бөлуге кеңес береді. Оқу, ойын және белсенді демалыс арасындағы тепе-теңдікті табуды үйрену керек. Онлайн ойын уақыты аяқталды ма, болды, серуендеуге шығу керек! Бірақ бос отырмаңыз – велосипед, ролик тебіңіз, футбол, хоккей ойнап, саяхатқа, балық аулауға шығыңыз, отқа тамақ пісіріңіз... Қандай бала мұндай ұсынысқа қарсы тұра алады?
- Үйренуге дайын болу
Ата-аналар тек әлеуметтік желілерде болуды ғана емес, сонымен қатар балаларының қай сайттарда және қалай уақыт өткізетінін білулері керек, мұның сыртында өздерінің хабардарлық деңгейлерін жақсартуы керек.
Интернет орнында тұрмайды және үнемі дамып отырады. Сіз де үйренуге дайын болыңыз. Сіз балаңыздың интернетте не білетінін және нені тез үйренетінін біле алмауыңыз бек мүмкін. Бірақ егер «тағыңыздан түсіп қалғыңыз келмесе», олардан қалып қоймауға тырысу керек.
Баланың интернетке кіруін дұрыс ұйымдастыру, оның дайындығы, сондай-ақ ата-аналардың үнемі қатысуы мен бақылауы балаларды ақпарат пен зиянкестердің теріс әсерінен қорғайды. Сізге және балаларыңызға мейірімді және қауіпсіз интернет тілейміз!