Жаһандану өзіне нақты жеке адамды – білім беру жүйесінің түлегін тартып жатқан дүниежүзілік еңбек нарығын қалыптастыру үстінде.
Ол – түлек өзінің білімін, біліктілігі мен адами қасиеттерін қайда жүрсе де өзімен алып жүрмек. Егер түлек бәсекеге қабілетті болатын болса, ол өзара ынтымақтастығы жетістікке жеткізуі мүмкін кез келген жұмыс берушімен жұмыс істей алады. Өзінің даму ерекшеліктері бар әр тұлғаның, әр қауымдастықтың, әр аймақтың білімге деген қажеттілігі мен қабілетін есепке алу күн өткен сайын күрделі мәселеге айналып келеді. Жаһандану дәуірінде мемлекет қоғам мен нақты жеке адамның саналы қолдауынсыз елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыра алмасы анық. Тек барлық балаға қолжетімді қосымша білім ғана оған қазіргі кездегі мыңдаған мамандықтың ішінен өзіне қажеттісін табуға мүмкіндік бермек.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Саналы Азамат» базалық жобасы жастардың кәсіби таңдау жасауына қолдау көрсетуге, оқушыларды жұмыс істеу саласын еркін таңдау жағдайында өздерінің мүмкіндіктері мен қабілетіне сәйкес және еңбек нарығының талаптары мен келешектегі дамуын ескере отырып мамандық таңдай білуге дағдыландыруға бағытталған.
Музыкалық білім өнердің ең әмбебап құралы – музыканың көмегімен аталған мәселені тиімді шешуге және елеулі нәтижелерге қол жеткізуге қабілетті. Оған Президент күнін мерекелеу аясында өткізілген шаралар жарқын мысал бола алады.
Қаламызда үшінші жыл қатарынан 1-2 желтоқсанда музыка мектебінің қабырғасында бірден 2 республикалық байқау: үміткер жас музыканттардың «Kostanay music start - 2018» және музыкалық аспапта орындаушылардың «Kostanay music games - 2018» байқаулары өткізілді.
Аталған музыкалық байқау өзінің демократиялық талаптары мен аталымдарының молдығының және мамандықтарының арқасында көптеген жас музыканттар мен олардың тәлімгерлерінің қызығушылығын және танымалдығын тудырды. Астанадан келген беделді қазылар алқасы тілек білдірген музыкалық білім алушылардың барлығына дерлік байқауға қатысуына мүмкіндік берді. Өнер бәйгесінен шығармашылық шабыт алған 200 астам қатысушы мен шығармашылық ұжымдар орындаушылық шеберліктері мен музыкалық таланттарын көрсетуге тырысып бақты.
Байқаудың қазылар алқасының құрамында астаналық музыканың танымал тұлғалары: ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, Қазақ ұлттық өнер университетінің фортепиано кафедрасының доценті, Халықаралық байқаулардың лауреаты, «Арт-шебер» Лариса Латышова, Қазақ ұлттық өнер университеті колледжінің "Вокалдық өнер және дирижерлік" ПЦК меңгерушісі, Халықаралық байқаулардың лауреаты Тамашагүл Гюнтер және т.б. болды. Осындай беделді байқауға баға беруге жергілікті белгілі музыканттардың да шақырту алуы көңілге қуаныш ұялатады. Мысалы, Е.Өмірзақов ат. облыстық филармонияның орыс халық аспаптар оркестрінің жетекшісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚазКСР білім беру ісінің үздігі, Қостанай облысы меценаттар клубы сыйлығының лауреаты Анатолий Заруба және т.б. Есімдері жұртқа жайылған жандардан құралған қазылар алқасына Қазақстан Композиторлар одағының Астанадағы филиалының төрағасы, Қазақ ұлттық өнер университетінің доценті, «Мәдениет қайраткері» құрметті атағының иегері Серікжан Әбдінұров жетекшілік етті.
Байқауға қатысушылардың көпшілігінің репертуарына еліміздің композиторларының шығармалары еніп, олардың туған жеріміздің әуендерін сүйетіндерін және оларға басымдылық беретіндерін көрсетті, қазақстандық авторлардың музыкаларын насихаттауға, отаншылдықты тәрбиелеуге ықпал етті. «Қазақстанның тұңғыш Президенті мерекесінде отандық музыканың кеңінен және алуан түрінің орындалуы байқауға ерекше реңк берді және олар балалардың орындауында ерекше шынайы және мәнерлі шықты»,- деп санайды қазылар алқасының мүшесі, Е.Өмірзақов ат. облыстық филармонияның қазақ халық аспаптар оркестрінің дирижері Берік Оразалин.
Байқаудың нәтижесінде қостанайлық тәрбиеленушілердің көпшілігі лайықты нәтиже көрсетті және сырттан келген қатысушылардың арасында үздік көрсеткіштерге қол жеткізді. Біздің қатысушыларымыз Қостанай қ. БММ жоғары мәртебесін – Қазақстанның музыкалық мектептері арасындағы көшбасшылардың бірі екендігін дәлелдеді. 42 бірінші, 20 екінші және 23 үшінші орынды иеленген 86 тәрбиеленуші республикалық байқаулардың лауреаттары атанды. Байқаудың жаңалығы болған «Примулы» домрашылар триосы (жетекшісі Татьяна Егорова, концертмейстері Вера Прохорова) қосымша сый ретінде «Таланты 21 века» халықаралық байқауына тегін қатысу құқығына ие болды.
Барлық лауреаттар дипломдардан басқа естелік медальдар мен кәдесыйларға және залдағы ең мейірімді көрермендердің – ата-аналары мен жақындарының және тәлімгерлерінің қолдауына ие болды. Өткен жылғы көптеген үміткер қатысушылар үшін бұл байқаулар келешектегі жетістіктерге жеткізер өзіндік шығармашылық баспалдақ болды, музыканы тереңдете оқуға, музыка шыңының жаңа биіктеріне шығуға ынталандырды.
Қазылар алқасының төрағасы Серікжан Әбдінұров Қостанай жерінде музыкалық таланттарды дамыту үшін тамаша жағдай жасалғанын, балалардың музыкалық қабілетін дамыта және аша білетін тамаша педагогтар жұмыс істейтінін атап өтті.
https://dmsh-kst-kz.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/231-kostanay-music-start-2018-zh-ne-kostanay-music-games-2018-baj-aulary-tkizildi.html#sigFreeIdecc16e20ea